Шымкент: Студенттерге Қазақстандағы этносаралық келісім мен татулық маңызын түсіндіруді көздеген кездесу өтті

Шымкент қаласында «Рухани келісім» күніне орай, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тұлға дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен «Рухани келісім – халықтар бірлігіне бастар жол» тақырыбында кездесу өтті. Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуге университеттің «Азаматтық құқық және азаматтық іс- жүргізу» кафедрасының доценті А.Есенәлиев, «Саясаттану» кафедрасының доценті, Шымкент қаласы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі С.Қорғанов, «ЕуроАзиялық медиация орталығы» ҚБ директоры, Шымкент қалалық ҚХА жанындағы медиация кеңесінің төрайымы Л.Ақшегірова және профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

Дөңгелек үстелге жиналғандар дін мәселелерін, мемлекеттегі, облыс және аудандағы халықаралық тұрақтылықты, халыққа және жастарға дін туралы ақпаратты дұрыс жеткізудің бүгінгі таңдағы маңыздылығын баса айтты. Халықты мерекемен құттықтап, рухани келісім мен дінаралық татулыққа шақырды.
Кездесудің мақсаты – студенттерге Қазақстандағы этносаралық келісім мен татулық маңызын түсіндіре отырып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. 1992 жылы қазанда Рухани келісімнің І әлемдік конгресі өтті. Конгреске қатысушылар 18 қазанды рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық іздеу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдады. 1992 жылдан бастап бұл күн Қазақстанда атаулы күн ретінде атап өтіледі.

Орталық басшысы, модератор Г.Жанысбекова кіріспе сөзінде іс-шараның маңыздылығына тоқталса, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Шымкент қаласы «Ахыска» Түрік этномәдени орталығы (ТЭМО) төрағасының орынбасары А.Құрбанов баяндама жасады.

Онда адамдардың діні, ұлты, түрі мен сеніміне қарамастан сыйластықта болу және еліміздегі бірліктің маңызы жайлы әңгімеленді. Елімізде түрлі этнос пен конфессия өкілдерінің бірлікте өмір сүруі – татулықтың нәтижесі. Мемлекетіміз ешкімді тілі мен дініне қарап бөлместен, барлық азаматтарға тең құқылы мүмкіндік беру арқылы ішкі және сыртқы тұрақтылықты сақтап келеді. Бұл ынтымақтастық пен ауызбіршілік елдегі Ата заң арқылы қамтамасыз етілген. Рухани келісім күні осы бір бірлік пен ынтымақтың

Қатысушыларға кеш соңында алғыс хат табысталды.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin