
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанынан қоғам белсенділерінен Жұмысшы топ құрылып, тұрақты түрде мегаполис дәріханалары мен дәрілік қоймаларына мониторинг жүргізуде.
Басты мақсат – тауарлардың халыққа, денсаулық сақтау ұйымдарына уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету, медицина мекемелерінде дәрі-дәрмектердің жеткілікті болуын қадағалау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу болып табылды.
Індеттің болжамды екінші толқынына қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дайындық барысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев бастаған Жұмысшы топ танысты.
Шара барысында оттегі қосалқы станциясы, өкпені жасанды желдету аппараттарымен, гуманитарлық көмек бойынша келген дәрі-дәрмектер қорымен танысып, оның дұрыс қолданылу барысын қарады.
Департамент өкілдерінің мәліметінше, дайындық барысына қатысты мониторинг жұмыстарын барлық ауруханалар мен емханаларда жүргізу жоспарлануда.
Бұған дейін, Департамент жанындағы жұмысшы топ шет елдерден гуманитарлық көмек ретінде келген медициналық тауарлар мен дәрілердің денсаулық сақтау мекемелеріне жеткізіп, әр тауарға үшінші тұлғалардың, делдалдардың, алып-сатуына жол бермеу мақсатында «тегін» деген мөр басуда.
Айта кетейік, дәрі-дәрмектер мен денсаулық мекемелеріне қатысты аудио, бейне жазбаларыңыз бен ұсыныс, шағымдарыңызды «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 8775 306 78 50 WhatsApp нөміріне жолдай аласыздар. Мамандар жедел әрекет етіп, барынша көмек беретін болады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
Hello, always i used to check website posts here early in the break of day, as
i love to gain knowledge of more and more.
91414 300135Really educating story, saved your internet site for hopes to read much more! 276733
924247 692470Cheers for this excellent. I was wondering whether you were planning of publishing related posts to this. .Maintain up the excellent articles! 385168