Шымкент: «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық іс-шара өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған болатын. Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын қызу қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге, жастарды Отаншылдық рухында тәрбиелеп, ел мен жерге деген жанашырлық сезімін оятуға бағытталған бағдарлама Шымкент қаласында нәтижелі жүзеге асып жатыр.

Абай ауданына қарасты Асар-2 шағын ауданында өткен экологиялық іс-шарға аудан тұрғындары, белсенді жастар, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, ардагерлер қатысты. Олар Таңшапағы көшесі бойын ретке келтіріп, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Абай ауданы әкімдігі ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – тұрғындарды тазалыққа шақыру, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

– Елімізде тыныштық пен тұрақтылық сақталып, халқымыздың әл-ауқаты да жақсарып келеді. Ендігі жерде біздің қоғамның экологиялық мәдениеті де өсуі тиіс. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы, міне, осы мақсатты көздейді. Сүйікті қаламызды таза ұстауға атсалысу – азаматтық борышымыз. Мұндай іс-шаралар көптеп ұйымдастырылса екен. Жалпы тазалық өзімізден басталады, – дейді Асар-2 шағынауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұхамедәлі Баубеков.

Аудан аумағында әр сенбі сайын экологиялық акциясы өткізілуде. Бүгінгі іс-шараға 2 техника, 200-ден астам адам жұмылдырылды. Орталық Таңшапағы көшесінің бойы қоқыстан тазаланып, ретке келтірілді.

Әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданында өткен экологиялық іс-шараны да өз деңгейінде өтті. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен тазалық шарасына қала жастары мен «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері қатысты.

– Халқымыз «Тазалық – саулық кепілі» деген нақылды босқа айтпаған ғой. Шымкент жасыл желекті, гүлге оранған қала ғой. Бұл – Табиғат-Анамыздың бізге берген үлкен сыйы. Егер біз Шымкентті жасыл қала деген атына лайық етіп, үнемі таза ұстай білсек, бұл қаладағы экологиялық ахуалға оң әсер етеді, – деген белсенді жас Қайыржан Бөгенбай қала тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қаруға шақырды.

Айта кетейік, 8 сәуірден бастап елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға аудару, жас ұрпақты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйретуді көздейді.

Жалпы, акция басталғалы  қаламызда 8 мың шақырымнан астам көше, 9 мың шақырым тротуар және 724 шақырым суару жүйелері, каналдар мен арықтар тазартылды. 6591 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолдарын сырлау және жол жиектерін тазалау жұмыстары жүргізілді.

Тазалаудан басқа, қалада 440 мыңнан астам ағашты актеу және 153 мыңнан астам ағашты санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді. 11657 ағаш көшеттері мен 789 көшет отырғызылды. Жыл басынан бері 40 мың шаршы метр аумаққа 1 миллионнан астам қызғалдақ отырғызылды.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin