Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» акциясы негізінде ұйымдастырылып жатқан «Өнегелі ұрпақ» науқаны кең көлемде өткізілуде.
Осыған байланысты, бүгін бірқатар нысандарда тазалау жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ, «Абай» саябағында санитарлық тазалау жұмыстары өткізілді. Оған, Тұран ауданы Ардагерлер ұйымы, еріктілер және коммуналдық мекеме қызметкерлері мен басқарма, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері ат салысты.
Сондай-ақ, Тұран ауданына қарасты Қарттар үйі де тазаланды. Аула ретке келтіріліп, жуу, сыпыру, ақтау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Абай даңғылы №33 а, б көп қабатты тұрғын үй ауласында тазалық жұмыстары жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек аудан аумағындағы 20-ға жуық көп қабатты тұрғын үй ауласында санитарлық тазалық атқарылды.
Бүгінгі «Өнегелі ұрпақ» науқанына байланысты атқарылған жұмыстарға барлығы 1000-ға жуық адам және 20 техника жұмылдырылды.
Бүгінгі күнге дейін Тұран ауданына қарасты 21 елді мекеннің барлығы күнделікті, кестеге сәйкес тазаланды. Сондай-ақ, 7 егде жастағы зейнеткерлер үйінде тазалық жұмыстары жүргізілді
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш шара Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында өткізілуде. Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің іс-шара жоспары бекітілді.
Экологиялық акцияның алғашқы «Таза өлке» апталығында қала тұрғындары ерекше қолдау білдіріп, қоғам белсенділері, ерікті жастар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына белсене қатысты.
Акция аясында 380 арнайы техника, 49 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен бірге, 282 шақырым көше бойы, 85 шақырым аяқ жолдары, 59 мың дана ағаштарды әктеу және қырқу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде қаладан 300 тонна шамасында қоқыс шығарылды. 355 шақырым ирригациялық жүйе, 95 аялдама жуылып, 1200 дана қоқыс жәшігі (урна), 285 дана орындық сырланды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.