
Сапалы интернет: Шымкентте тағы 14 базалық станция орнатылуда.
Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына орай, интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етудің бірінші кезеңі аяқталып, қаланың 11 жеріне байланыс антенналары орнатылған. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасы хабарлады.
Мамандардың айтуынша, қала аумағын сапалы интернетпен қамтамасыз етудің екінші кезеңіне сәйкес 14 жер телімі анықталған. Белгіленген 8 жерге әкімдік, «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы және жеке инвестормен бірлесе антенна-матчталық құрылғылар, қалған 6 жерге мобильді байланыс операторлары тарапынан коммерциялық обьектілерге базалық станцияларды орнату жұмыстары жүргізілуде.
Олардың ішінде: А2 және Р-32 трассасы, аэропорт маңы, «226 орам», «Солтүстік-Батыс», «Қайнар бұлақ» саяжай алабы мен «Тассай», «Құрсай», «Самал-3», «Ынтымақ-2», «Достық», «Асар» шағын аудандары және «Забадам», «Абдулабад» тұрғын алаптары бар.
Қазіргі таңда, «Ынтымақ-2» шағын ауданына антенна-матчталық құрылғы орнатылып электр-энергиясына жалғау жұмыстары жүргізілсе, «Тассай» елді мекеніне мердігер компания тарапынан антенна-матчталық құрылғы орнатылуда. Алайда тұрғындар тарапынан радиофобияға байланысты әртүрлі қауесет сөздерді есту арқылы базалық станцияның орнатылуына қарсылықтар білдіруде,-деді басқарма мамандары.
Салалық мамандар қала тұрғындарына базалық станция пәтер, жеке жер үй тұрғындарына еш зияны жоқ екендігін мәлімдеді. Олардың айтуынша, базалық станцияның толқыны, үйде күнде тұрмыста қолданатын қысқа толқынды пештің толқыны көлемінде. Базалық станциялар барлық бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай орнатылады. Бұл технология барлық елдерде қолданылуда.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
248011 542788Normally I try and get my mix of Vitamin E from pills. Even though Id really like to by way of a fantastic meal plan it can be rather hard to at times. 157974
493434 934078Oh my goodness! a wonderful write-up dude. Thanks a lot Nonetheless We are experiencing trouble with ur rss . Do not know why Not able to sign up to it. Possibly there is anybody acquiring identical rss dilemma? Anyone who knows kindly respond. Thnkx 304753
970525 594176Just a smiling visitor here to share the enjoy (:, btw outstanding layout. 903914
879420 580255so considerably wonderful data on here, : D. 707839