Қоғамдық көлік жүйесін оңтайландыруға қатысты ұсыныстар мен өтініштер қала әкімінің көшпелі кездесуінде көтерілген болатын. Осыған орай, жүргізілген зерделеу жұмыстары нәтижесінде тұрғындардың сұранысы ескеріліп бірқатар жұмыстар жүргізілді.
1 қарашадан бастап №149, №60 №143, №16, және №66 бағыттардағы автобустардың сызбалары өзгертілді.
Қазіргі таңда, А-2 автомобиль жолының құрылыс жұмыстарына байланысты, №149 автобус маршрутының сызбасы Сырым батыр көшесі арқылы уақытша ұйымдастырылды.
— №60 автобус маршруты Мақталы көшесінен Талдыкөл көшесіне қарай сызбасы өзгертілді.
— №143 шағын автобус маршрутының сызбасы «Жұлдыз» индустриалды аймаққа дейін ұзартылды.
— 276 орам тұрғындарының сұранысына сәйкес, зерделеу жұмыстары нәтижесінде №16 автобус маршрутының сызбасы ұзартылды.
— №66 автобус маршрутының сызбасы тұрғындар өтінішіне сәйкес Қазтуған жырау көшесіне өзгертілді.
«ANYQ.KZ-ақпарат»