Шымкент: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша «ситуациялық штаб» құрылған

Е-тұтынушы бірыңғай ақпараттық жүйесі (БАЖ) бойынша Атамекен ҰКП-мен бірлесіп тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, БАЖ-да тіркелу туралы БАҚ-та материалдар жарияланды және бизнес қоғамдастықтармен осы қосымшада тіркелу қажеттілігі туралы дөңгелек үстелдер өткізілген. «Е-Тұтынушы» платформасының қызметін БАҚ құралдарында, әлеуметтік желілерде қарқынды түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында «Тұтынушылардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде айтылды.
Осы негізде, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті Төрағасының тапсырмасына сәйкес, Өңірде Мемлекеттік органдардан, Үкіметтік емес ұйымдардан және Қоғамдық бірлестіктерден құралған «Ситуациялық штаб» жұмыс тобы құрылып, іс-шара бойынша тиісті жұмыстар атқаруда.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істеу» бойынша: 2024 жылдың 5 айында «Е-тұтынушыда» жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде пайдаланушылар саны – 1558, тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 412 құрап отыр.
Біріңғай ақпараттық жүйесі арқылы 112 өтініш келіп түсіп, тиісті жұмыстар атқарылды.
«Ақпараттық-түсіндіру жұмысы» бойынша (құқықтық сауатылықты арттыру) 2024 жылдың 5 айында Департамент тарапынан жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары саны – 2165, Оның ішінде:
— «БАҚ-та сөз сөйлеу жиілігі» (выступление) бойынша 69 құрап отыр.
-«БАҚ-тағы жарияланымдардың жиілігі» бойынша БАҚ-та жарияланвмдардың саны 114 құрады.
— «Әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың жиілігі» бойынша: саны 1960. Инстаграм – 980, Фейсбук – 980 жарияланым.
— «Өткізілген брифингтер саны» – 13 құрап отыр.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin