Шымкент: Төтенше жағдайлар департаментінің 150-ден аса қызметкері екпе алды

Шымкентте түрлі сала өкілдеріне коронавирус инфекциясына қарсы екпе егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері короновирусқа қарсы вакцинациялауға белсенді қатысуда.

Департамент қызметкерлері облыстық консультативтік-диагностикалық медицина орталығы мен «Ай Нұры» емханасында вакцина салдырды. Дәрігерлердің нұсқаулықтары бойынша екпе салдырған ТЖ мамандары 30 минутқа дейін дәрігерлік бақылауда болды. Дәрігерлер алдын ала екпенің қандай әсері болатынын, сақтық шаралары туралы айтып, вакцинаның екінші дозасын алатын күндерін де белгілеп берді. Қазіргі таңда ТЖ департаменті мен Өрт сөндіру қызметінің 150-ден аса қызметкері екпе алды.

Қалада екпе егу жұмыстары 38 бекетте атқарылуда. Қала тұрғындарын тіркелген мекенжайы бойынша тезірек екпе алуға шақырамыз.

Айта кетейік, егу науқаны басталғалы барлығы 63097 адам вакцинацияланды.

Оның ішінде 6795 адам вакцинаның екі компонентін алған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.