
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы» деп жариялады.
Осыған байланысты «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері жоспарға сәйкес «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында филиалдың құрамына кірген Шымкент қаласы әкімдігінің «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымына барып жұмыскерлердің қал-жағдайымен танысып, Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) конвенциясы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында 2021 жылдың 25 маусымында ХЕҰ-ның «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымшылықты жою туралы» №190 конвенциясы күшіне енетіні, Халықаралық Кәсіподақтар Конфедерациясы осы іс-шара аясында «Іс-қимыл апталығын» жариялағанын, 25 маусымға дейін іс-шаралар, зорлық-зомбылық пен қысымшылықтан азат еңбек әлемі үщін кәсіподақ күресі бойынша ақпараттық науқандар өткізіп жатқанын және бүгінгі Орталықтағы кездесудің күн тәртібіндегі мәселенің бірі — осы конвенция жөнінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы ХЕҰ-ның №190 Конвенция қағидаларын өткізу науқанына қатысуға ниет білдіргені хабарланды.
Қорытынды жиында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов орталықтың жұмыс берушісін және жұмыскерлерін, жалпы 5 адамды марапаттады.
Атап айтқанда: Филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласы әкімдігінің «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің басшысы Ешенқұлов Нұрғали Илгербайұлы, Филиалдың «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласы әкімдігінің «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің бақылаушы санитары Юсунбаев Фарход Байбалаевич және Шымкент қаласы әкімдігінің «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің диеталық тамақ жөніндегі мейірбикесі Феклистова Ирина Владимровна, Филиалдың «Алғыс хатымен» Шымкент қаласы әкімдігінің «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің мемлекеттік сатып алу менеджері Жумашев Малик Сатыбалдиевич және Шымкент қаласы әкімдігінің «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің киім және іш киім жуатын машинисті Аскарова Рамиля Нургалиевна марапатталды.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
813976 477743Hi. Cool article. Theres an issue along with your web site in firefox, and you may want to check this The browser may be the market chief and a great section of individuals will pass more than your fantastic writing because of this problem. 267666
13688 278128Aw, this was a really nice post. In concept I wish to put in writing like this moreover ?taking time and actual effort to make an outstanding article?nonetheless what can I say?I procrastinate alot and by no indicates appear to get something done. 651906
341694 283254I surely didnt comprehend that. Learnt a thing new today! Thanks for that. 164363