Шымкент: Шомылу маусымына дайындық пысықталды

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында туристік сала комитеті шеңберінде Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің, турбизнес және аквапарк өкілдерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шаралары, аурулардың пайда болу қаупін азайту және шомылу маусымы кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оның ішінде Шымкент қаласы әкімінің (13.05.2021 ж. №289) қаулысымен ресми бекітілген 5 Шымкент қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы бұқаралық демалыс, туризм және спорт орындары белгіленді:

— «Тоңазытқыш» демалыс аймағы, Еңбекші ауданы, Тогус тұрғын алабы;

— «Рахат Бадам» демалыс аймағы, Еңбекші ауданы, Бадам-1 тұрғын алабы;

— «Қошқар Ата» өзенінің бастауы, Әл-Фараби ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, н/ж;

— Шымкент қаласының Дендропаркіндегі жасанды көл, Тұран ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 101

— «Жайлаукөл» демалыс аймағы, Тұран ауданы, Бәйдібек би даңғылы, н/ж.

Олардың ішінде 3 аймақта шомылуға рұқсат етіледі: «Тоңазытқыш», «Рахат Бадам» демалыс аймақтары және «Қошқар Ата»өзенінің бастауы.

Сондай-ақ, алдын алу мақсатында шомылу маусымы кезеңінде полиция департаментінің, жергілікті басқару органдарының, волонтерлік ұйымдардың қатысуымен қала аумағында және демалыс аймақтарында жұмыс істейтін тиісті іс-шаралар өткізіледі, бұдан басқа еліміздің 24 телеарнасы мен әлеуметтік желілері бойынша танысу ақпаратын тарату жұмыс істейді.

2023 жылы аквапарк иелерімен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды өтеусіз негізде жүзу дағдыларына үйрету туралы 12 меморандумға қол қою жоспарлануда, 2022 жылы 10 меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, «Бизнеске жол» Антикор жобасын іске асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Бизнесті қорғау және заңсыз араласуға жедел ден қою мақсатында арнайы мобильдік топ құрды. Мобильді топтың құрамына қала әкімінің орынбасары, аудан әкімдері, Антикор қызметкерлері, Кәсіпкерлер Палатасы, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменттерінің өкілдері, кәсіпкерлер қауымдастығы, заң кеңесшілері мен жұртшылық кірді.

«Бизнеске жол» — мақсаты кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді еңсеруге көмектесу, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңға салу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету болып табылатын жоба.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.