Шымкент: Шомылу маусымында санитарлық талаптарға мұқият назар аудару керек

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Ахметов Алдарқұл Райымқұлұлы қаладағы демалу орындары мен жазғы шомылу бассейндері қандай талаптарды сақтау қажеттігін түсіндірді.
Шомылу және демалу үшін арнайы шомылу орындарын таңдаңыз, өйткені олардағы су мониторинг арқылы бақыланып отырады. Бұл әртүрлі инфекцияларды (тырысқақ, менингит, паразиттік аурулар, ӨІЖ) жұқтырудың алдын алады және денсаулығыңыз туралы алаңдамай демалуға кепілдік береді.
Сонымен қатар демалыс аймақтарында мына талаптарды назарға ұстағаныңыз абзал:
1. Бассейннің жүретін жолдары, бассейннің түбі су өтпейтін материалдардан және ылғалға, тазалауға қолданылатын химиялық реагенттер мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді болуы қажет.
2. Бассейндерде рециркуляциялық немесе су ауыстырудың ағынды жүйесі арқылы бассейнді дезинфекциялау және жіберілетін суды зарарсыздандыру қажет.
3. Бассейн ваннасын дезинфекциялау су ағызылғаннан кейін және дезинфекциялау құралдарымен екі рет шаю әдісімен ваннаны механикалық тазалау арқылы жүргізіледі. Активті хлор ерітіндісін жаққаннан кейін бір сағат өткен соң, жылы сумен шаю қажет.
4. Демалу, шомылу орындарында күнделікті жинау жұмыстары қажет болған жағдайда, үзіліс кезінде айналма жолдарды, еденді, орындықтарды, кілемшелерді, есік тұтқаларын дезинфекциялау талап етіледі.
5. Шомылудан кейін жағымсыз салдардың алдын алу үшін қарапайым жеке гигиена ережелерін сақтау керек, яғни бассейнге түскенге дейін және кейін душ қабылдау керек.
Сондай-ақ, су айдындарында шомылуға тыйым салатын арнайы ақпараттық белгілерге мұқият назар аудару керек!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin