Шымкент: Экологиялық акция аясында білім беру мекемелерінде ағаштар отырғызылуда

«Өнегелі ұрпақ – өнегелі іс» жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның түлектерімен кездесуі өтті. Кездесуге «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы – Ж.Бектаева Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусының директоры — Ануарбек Талғат, Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы — Тұңғышбаев Руслан Карибаевич, «САМИ» ЖШС-нің бас директоры — Жамашев Сакен Куттыбекович, белгілі спортшы – Жазира Жаппарқұл және өзге де қонақтар мен оқушылар қатысты.

«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында №9, 65, 89, 90, 135 және тағы басқа білім беру мекемелерінде ағаштар отырғызылды.

Іс-шараға мегаполистегі барлық білім беру мекемелері жасыл желектер мен гүл отырғызып, соны баптауға ниетті барлық мектеп оқушылары белсенді қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға «Экология, өлкетану және туризм орталығы» мекемесінің өкілдері белсенді қатысты.

Айта кетейік, отырғызылған ағаштарды бақылау әрі күту толығымен білім беру мекемелеріне жүктеледі. Жыл бойы ол ағаштарға күтім жасалынады. Ағаштарды суғару, тыңайтқыш пен магистральдық шеңберлерді аэрациялаумен қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш шара Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында өткізілуде. Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің іс-шара жоспары бекітілді.
Экологиялық акцияның алғашқы «Таза өлке» апталығында қала тұрғындары ерекше қолдау білдіріп, қоғам белсенділері, ерікті жастар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына белсене қатысты.
Акция аясында 380 арнайы техника, 49 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен бірге, 282 шақырым көше бойы, 85 шақырым аяқ жолдары, 59 мың дана ағаштарды әктеу және қырқу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде қаладан 300 тонна шамасында қоқыс шығарылды. 355 шақырым ирригациялық жүйе, 95 аялдама жуылып, 1200 дана қоқыс жәшігі (урна), 285 дана орындық сырланды.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin