Шымкент жолдарының жағдайына арнайы мониторинг жүргізілді

Оның нәтижелері бойынша ағымдағы жылы Шымкентте 20 магистральдық көше жөнделеді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездескен кезде белгілі болды. Кеңесте ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және ағымдағы жылға арналған жоспардың орындалу барысы ұсынылды. Қала әкімі М. Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың басында Шымкенттегі жолдардың жай-күйіне арнайы мониторинг жүргізілді. Талдау көрсеткендей, 20 магистральдық көше жөндеуді қажет етеді. Оларға жыл соңына дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Шымкент әкімі қаланың ірі сауда үйлері мен көтерме сауда орталықтарының жанында орналасқан тұрақ орындары мен тротуарларды ретке келтіруді тапсырды. Бұл кептелістерді азайтуға көмектеседі, сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін арттырады. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін ұйымдастыру үшін биыл шағын аудандарда және жол қозғалысы қарқынды тұрғын алаптарда 15 қосымша бағдаршам орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, биыл Шымкентте алты қалалық шағын аудандағы 124 көше мен орамішілік жолдарды жөндеу, үш тротуар мен бір жаяу жүргіншілер өткелін салу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Көлік және жолаушылар тасымалы басқармасы 187 нысанды және 350 км-ден астам автожолдарды, соның ішінде магистральдық көшелер мен қала орталығындағы шалғай пункттерді қалпына келтіруге уәде берген болатын.
Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың ішінде кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Міне сол көшелердің тізімі:

Жыл соңына дейін жөндеуден өтетін нысандар:

1. Д.Қонаев даңғылы

2. №1 автомобиль жолы

3. Қазыбек би көшесі

4. Желтоқсан көшесі

5. Назарбеков көшесі

6. Аймауытов көшесі

7. Көшеров көшесі

8. Тыныбаев көшесі

9. Қабанбай батыр көшесі

10. Анаров көшесі

11. Жансүгіров көшесі

12. Абай даңғылы

13. Исмайлов көшесі

14. Алпысбаев көшесі

15. Еділбаев көшесі (Ақжайық ш/а)

16. Пазиков көшесі (Шапағат ш/а)

17. Орынбаев көшесі

[18. Шанин көшесі

19. Байтіленов көшесі

20. Үркімбаев көшесі

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.