Шымкент прокуратурасы әкімдікпен бірлесіп «Invest-Shymkent» фронт-офисін құрды

Бұл туралы «Бизнес пен инвесторларды қорғау туралы» тақырыбында баспасөз конференциясында айтылды.
Прокуратура Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды сүйемелдейді.
Осы бағытта 6 өзекті кейс шешімін тапты. Атап айтқанда, қытай инвесторына газ тарату желілерін жобалауға және қосуға арналған техникалық шарттарды алуға ықпал жасалса, басқа инвесторға жер телімінің шекарасын белгілеу түріндегі қызмет көрсетуді созбалаңдылыққа салғаны тиылып, мемлекеттік қызметті алуға көмек берілді.
Сонымен қатар, «Даму бала» бағдарламасы аясында 100-ден астам кәмелетке толмаған балаларға қызмет көрсете алмаған инвесторға жан басына шаққандағы қаржыландыруға қаражат бөлуге қол жеткіздік.
Айтып өту қажет қала прокуратурасы әкімдікпен бірлесіп «Invest–Shymkent» фронт-офисін құру жұмыстарын жүргізді.
Енді инвесторларды сүйемелдеу және оларға мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша «жасыл дәліз» құрылды.
Айта өткен жөн, бүгінде Кәсіпкерлер палатасы тарапынан, жергілікті атқарушы және құзырлы-бақылаушы органдармен бірге кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларға барынша қолдау жұмыстары атқарылуда.
Нақты айтқанда жыл басынан бергі 5 айда Палатаға бизнестің құқығын қорғау бойынша 66 өтініш түскен. Ал былтыр тиісті мерзім аралығында 51 өтініш түскен болатын. Биыл сол өтініштердің 21-і оң шешімін тауып, 109 миллион теңгеден астам бизнестің құқығы қорғалды. Осы орайда Палатамыздың құқықтық блогы экономикалық және әлеуметтік блоктармен бірге тығыз жұмыс істеп, қажет болған жағдайда құқықтық-кеңестік көмек те береді.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin