Шымкент: санаторлық-курорттық емделуге жылына 7000 жолдама беріледі

Қазақтың әр мақалы – рух қазынасы, ұлт құндылығы. «Есік алдында төбе болса, ерттеп қойған атпен тең. Ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең» деген тәмсілдің мағынасы терең, жөні ерек. Еліміздің өркендеу жолында алдынғы толқын аға буын өзінің ақылмандығымен жастарға үлгі болып отыр.

Шымкент қаласында қазір 93 761 бар. Оның ішінде 2-і ҰОС ардагері, 2 096 ардагер оған теңестірілген. Сонымен бірге, 1 729 тыл еңбеккері тұрады. Қаламызда 90 жастан асқан 508 және 100 жастан астан 12 қария бар.

Ардақты ардагерлер мен қарттарымызды, зейнеткерлерімізді санаторлық-курорттық емделуге жылына 7000 жолдама беріледі. Биыл Айшабибі, Күлпаршын, Денсаулық және Ақсу демі санаторияларымен мемлекеттік сатып алу негізінде келісім-шарт түзіліп, сауықтыру емі үшін жолдамалар үлестірілуде.

Зейнет жасындағы зейнеткерлердің денсаулық жағдайын жақсартуы үшін 2023 жылдың қарашасынан бастап Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Ізетті зейнеткер» мекемесі құрылды. Мекеме сыйымдылығы бір онкүндікте 70 зейнеткерге санаторлық-курорттық қызметтерді көрсетеді.

Зейнеткерлер мен ардагерлердің өмір белсенділігін арттыру жолында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының қалада 3 бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Орталық күніне екі ауысыммен 560 ардагерге қызмет көрсетеді. Санаулы күннен кейін тағы бір бөлімшесінің лентасы қиылып, қызмет көрсетуін бастайды.

Басқарманың №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында I,II топтағы мүгедектігі бар азамттар мен егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсету мүмкіндігі жоқ адамдарға стационарлық жағдайда қызметтер көрсетеді. Орталықтың сыйымдылығы – 70 төсек орын. Қазір онда 61 қарт қызмет алып жатыр.

Ал, «№7 үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы тарапынан 560-і жалғызілікті егде жастағы қартқа аптасына екі рет 73 күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер барып қызмет көрсетеді.

Одан бөлек, 130 жалғызілікті қартқа ай сайын 7 384 теңгеден (2 АЕК)-зейнетақысына қосымша әлеуметтік көмек қаржысы төленуде.

Қала мәслихатының шешімімен 1 935 ардагер басылымдарға тегін жазылуы ұйымдастырылып, бүгінде газет пен журналдар өз уақытында жеткізіліп отыр.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin