Шымкент: Қаладағы ескі жылу жүйелері жаңалануда

Шымкентте алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қарқын алды.


Биыл жылу жүйелерінің ағымдағы жөндеуіне және құбырларды оқшаулауға, жалпы 45 шақырымдағы жұмыстарға бюджеттен 3,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген.

«ҚуатЖылуорталық-3» мекемесінің басшылығы шаһардағы тозығы жеткен жылу жүйелерін жаңалауға алғаш рет қомақты қаржы бөлінуде дейді.

Мердігер мекеменің жұмысшылары мен техникасы Адырбеков көшесіндегі бір жарым шақырым жер астындағы жылу жүйелерін жаңалауда. Құрылысшылардың жөндеу жұмыстарына кіріскеніне бір жеті болыпты.

 «Ескірген құбырлар жаңаға алмастырылғаннан кейін бұл учаскеде ақаулар орын алмайды»,- дейді Темірхан Сауытбеков.

Алдын ала жасалған тапсырыс бойынша тікелей Алматыдан жеткізілген мына диаметрі 820- лық құбырлар қосымша қаптауды қажет етпейді. Жаңа құбырлар Тәуке хан даңғылы мен Адырбеков көшесі қиылысынан бастап жалғануда. Жөндеу жұмыстары осы айдың 20 — сына аяқталуы тиіс.

Өткен жылу беру маусымдарында жылу жүйесіне су қысыммен беріле бастағанда Адырбеков көшесіндегі жер астындағы жүйелер сыр беріп жиі жөндеу жұмыстары жүргізілетін. Енді ондай келеңсіздіктерге жол берілмейді деп сендіреді жылуберушілер.

Өйткені қаладағы тозығы жеткен жылу жүйелерін жаңалауға биыл бюджеттен 3 жарым млрд қаржы бөлінген. Қомақты қаражатты сала мамандары қазан айына дейін игеруі тиіс.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

6 Comments

  1. Hello There. I discovered your blog the usage of msn. This is a really smartly written article.
    I will make sure to bookmark it and return to read extra of your helpful info.

    Thank you for the post. I will definitely comeback.

    I saw similar here: Dobry sklep

  2. Hello! Do you know if they make any plugins to help with Search Engine Optimization? I’m trying to get my blog to rank for some targeted keywords but I’m not seeing very good success.
    If you know of any please share. Appreciate it! You can read similar art here: Najlepszy sklep

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.