Шымкент: Әл-Фараби ауданын көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы әкімі Р.Мыңбаев аудандағы көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалықпен айналысатын коммуналды саланың атқарып жатқан жұмыстарын толықтай аралап, танысты.


Аудан жалпы 7 аймаққа бөлінген. Атап айтқанда:

— Басты көшелерінің санитарлық тазалығымен — «ЛТД Тұрмыс» ЖШС,

— Көп қабатты тұрғын үй аулаларының және ішкі орам көшелерінің тазалық жұмыстарын «Айдынбек» ЖШС және «Нұреке Азия Бизнес» ЖШС атқаруда.

Сонымен қатар, басты көшелердің бойындағы жасыл екпелерді және ағаштарды күтіп ұстау, қырқу, түбін әктеу, шөп ору жұмыстарын «Biuld Stroi» ЖШС және көп қабатты тұрғын үй аулаларындағы ағаштарды санитарлық қырқу, түбін әктеу, шөп ору жұмыстарымен «Назар» ЖШС атқаруда.

Әл-Фараби ауданы қаланың орталығында орналасқандықтан ауданымыздың тазалығы басты назарда. Қала түрғындары мен қаламызға келген қонақтардың басым бөлігінің назары біздің ауданнан бастау алатындықтан, біз үлкен жауапкершілікті сезінеміз.

Алдағы уақытта ауданның тазалығы бойынша атқарылатын жұмыстарды әкімдіктің жіті бақылауында болады.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.