Шымкент: Қала басшысының тұрғындарымен көшпелі кездесуі Әл-Фараби ауданында жалғасты

Бұған дейін хабарланғандай, Шымкент қаласында тұрғындармен көшпелі кездесулердің жаңа форматы қолға алынды. Кездесу — әр жұмыс күні бір аудан тұрғындарына арналып, азаматтарға өздерін толғандырған мәселелерді тікелей көтеруге мүмкіндік береді.
Қала басшысының тұрғындарымен көшпелі кездесуі Әл-Фараби ауданында жалғасын тапты.

«Күншығыс», «Ескі қалашық», «Химфарм», “16-шы” шағынауданы, Жандосов, Жібек Жолы және Иляев көшелерінің тұрғындарымен өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, көше мен аулаларды абаттандыру, көгалдандыру, жасыл желекті суару, сондай-ақ балалар мен спорт алаңдарын салу сияқты маңызды проблемалар көтерілді.

Әкім өз кезегінде, көше мен аулаларды жарықтандыру және абаттандыру тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруін қамтамасыз етудегі басты бағыт екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстарды тұрғындардың пікірі мен ұсыныстарын ескере отырып, әрі қарай да жалғастыратынын айтты.

Сонымен қатар, шымкенттіктер көлік тұрағын кеңейту, тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы аясында үйлерді жөндеу, жер телімдерін заңдастыру, тұрғын үй кезегіне қою, жылу жүйелерін жөндеу және ирригациялық жүйелердің қызметіне қатысты мәселелер туралы айтты.

Кездесу барысында тұрғын үйлердің күтімін, жөндеу жұмыстарын және ортақ мүліктің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында міндетті түрде меншік иелерінің бірлестігін (МИБ) құру қажеттігін де атап өтті.

Сонымен қатар, сындарлы диалогқа уақыт тапқан тұрғындарға алғысын білдіріп, жиынға келген азаматтардың өтініші назардан тыс қалмайтынын мәлімдеді.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin