Шымкент: Қала басшысы Тұран ауданы тұрғындарының мәселесін тыңдады

Кездесулерде Спорт, Ақтас, Жаңаталап, Айкөл, Агроферма Қарасу шағын аудандары мен Добролюбов көшесі тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды. Қаңғыбас иттерді аулау, су бұру жүйелері, жер қатынастары, аула аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру мәселелері көтерілді.

Жаңаталап шағын ауданында қала әкімі тұрғындармен бірге жаңа көпірдің ашылуына қатысты. Естеріңізге сала кетейік, осы жазда жауын-шашынның көп болуына байланысты Бадам өзені суы күрт көтеріліп, өткен ғасырдың 70-ші жылдарында салынған көпір тіректері бүлінген. Пайдалануға берілгелі көпірде жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Қала басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті тұрғындар үшін уақытша айналма жол ұйымдастырылып, қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданды.

Аталған көпір Жаңаталап тұрғын алабын орталықпен байланыстырып тұрған негізгі жолдың бойында орналасқан.

Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан апаттың алдын алу мақсатында тіректердің астына 40 машина ірі бетон құрылыс қалдықтарын тастауына және 15 техника жұмылдырылуына қарамастан Бадам өзенінің су ағыны қатты болуына байланысты көпір тіректерінің қисаюына алып келді.

Көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында мердігер мекеме анықталып, бұзу жұмыстары және көпірге қажетті элементтері бірден дайындалды. Көпір 18 метрлік балкалар арқылы 5 өткелден (тіректен) тұрады.

Мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес құрылыс мерзімі 9 ай, алайда нысанның маңыздылығын ескере отырып, 4 айда құрылыс жұмыстары толық жүргізіліп, тұрғындарға пайдалануға берілді.

Өз кезегінде Ғабит Сыздықбеков мердігер ұйым басшылығына нысанды уақтылы пайдалануға бергені үшін алғысын білдірді.

Ал Агроферма Қарасу және Айкөл шағын аудандарында қала тұрғындары мектеп пен жол салу, әлеуметтік қызметтер көрсету және инфрақұрылым жүргізу мәселелеріне тоқталды. Қала тұрғындарымен кездесу нәтижелері бойынша мәселелер мен өтініштерге мұқият талдау жүргізіледі. Алдағы жылдарға жұмыс жоспары жасалады.

Қала әкімі жылдар бойы шешілмеген және егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін проблемаларды атап өтті. Кешенді шаралар жүргізіліп, өзекті мәселелер жүйелі түрде шешілетін болады.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin