Шымкент: Қоғамдық көлік жүргізушілері қайта даярлау курсынан өтуде

Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілері қайта даярлау курсынан өтуде. 


Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерін қайта даярлаудан өткізетін оқу орталығы биыл 2 сәуірде ашылып, оқыту жұмыстары басталды. Мекеме қала тұрғындарының қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты шағымдарының көбеюін ескере отырып, ұйымдастырылып отыр.

Аталған орталықта арнайы мамандар, психологтар жүргізушілерге жолаушылармен қарым-қатынас ережелерін, жол жүру қауіпсіздігі, жолаушылар тасымалдау қағидаларын үйретеді. Қатысушыларға сертификат беріледі.

Қазіргі таңда бірінші кезеңдегі оқыту жұмыстары басталып, 30 жүргізуші қайта даярлау курстарынан өтуде. Жоспар бойынша айына 3 кезең бойынша қайта даярлау жұмыстары ұйымдастырылып, жыл соңына дейін шамамен 800-ден астам жүргізушіге сертификат тапсыру көзделуде.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласының жолаушылар көлігі саласын реттеу, жүйелендіру және дамыту мақсатында әзірленген кешенді схемасына сәйкес, 4 бағыт ұйымдастырылды. Атап айтқанда, №18 (Самал – Азала текстиль фабрикасы), № 42 (Қайтпас – Теміржол вокзалы), №44 «Таскен – Айна базар», № 206 (Сайрам – Абдулабад) бағыттары жолаушыларға қызмет көрсетуде. Қалған маршруттардың жұмысы қаладағы газ толтыру станцияларының құрылысы аяқталысымен қолға алынады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.