Шымкент: Құрылыс сапасына қатысты –5 айда 15 құрылыс объектісіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды

2024 жылдың 5 айында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқсрмасына лицензиялау бойынша жалпы саны 366 өтініш түскен (5 ай- 258), оның ішінде лицензия берілгені 119 (5 ай -75), оның ішінде (лицензия-39 (5 ай -7), переоформление-80 (5 ай -68), бас тартылғаны 11 (5 ай — 120) және кері қайтарылғаны 236 (5 ай -171) өтініш.
Жыл басынан құрылыс саласында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзегі асыру үшін 33 (5 ай — 20) сарапшылардың аттестаты берілген.Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының м.а. Керімжанов Мерлан Әбдірахманұлы айтты. Сондай ақ, Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексіне сәйкес 37 нысанға талап арыздар жолданған.
— 37 құрылыс нысандарына мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шықты.
— 10 сот шешімімен қанағаттандырусыз қалдырылды.
— 17 сот шешіміне сәйкес мәжбүрлеп бұзылды.
— 10 сот орындаушылар палатасына жолданған.
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының негiзгi бағыттары:

— сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру;

— құрылыс қызметi субъектiлерiн лицензиялау және мамандарды аттестаттау;

— тұрғын үй инспекциясы;

— газтехникалық инспекция.

Жыл басынан бері басқармаға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталатындығы туралы 384 хабарлама басқарма реестрінде тіркелген.
— бюджеттік қаражат есебінен — 35 хабарлама.

— жеке қаражат есебінен — 349 хабарлама.

Объектілердің пайдалануға қабылдау актілерін салыстырып қарау бойынша 345 өтініш түскен. Оның ішінде 108 өтініші оң қараумен қаралған.

Құрылыс объектілері бойынша 79 (5 ай — 338) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Құрылыс сапасына қатысты – 8 (5 ай -15) құрылыс объектілері бойынша 8 (5 ай — 15) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin