Шымкент қаласында жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді

Отбасы банк сіздерді жылдың басты жылжымайтын мүлік оқиғасына шақырады! Бұл жерде сіз қаладағы ең үздік құрылыс компанияларының пәтерлерін ең тиімді шарттармен таңдай аласыз.

Күні: 11-12 сәуір 2025 жыл

Өтетін орын: Көрме орталығы, Н. Назарбаев даңғылы, 12

Басталу уақыты: 10:00

Сізді не күтеді?

Шымкенттегі барлық жаңа тұрғын үйлер бір жерде – түрлі жобалардың ішінен таңдаңыз.

Отбасы банкінің ипотекалық бағдарламалары – тиімді шарттар, барлық бағдарламалар бойынша кеңес беру.

Эксклюзивті ұсыныстар – тек жәрмеңке аясында арнайы жеңілдіктер.

Тегін кеңестер – құрылыс компаниялары мен банк өкілдерінен кәсіби кеңес алу.

Тұрғын үй макеттері – болашақ пәтеріңіздің жоспарларын егжей-тегжейлі зерттеңіз.

Ұтыс ойындары мен сыйлықтар – жәрмеңке қонақтарына жағымды тосынсыйлар!

Кімдерге арналған?

«Наурыз», «Наурыз жұмыскер» бағдарламалары бойынша алдын ала мақұлдау алғандар және армандаған пәтерін іздеп жүргендер.

Инвесторлар – қаражатты тиімді инвестициялауды қалайтындар.

Кіру тегін!

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin