Шымкент қаласында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты назарда

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданына қарасты мазараттарда тазалық жұмыстары жүргізілді.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Атап айтқанда мазарат маңы қоқыстан тазартылып, қоршаулары ретке келтірілді. Сондай-ақ, аталған аумақта шөп орылып, сынған ағаштар шығарылды. Мазараттардың күтіп-баптауына жауапты мекеме аптасына 2 рет тазалық жұмыстарын жүргізіп отырады.

Жалпы Әл-Фараби ауданында 5 мазарат бар. Олар Сауле, Ақтас, Ақтас-2 шағын аудандарында, 275 орам және Текесу тұрғын алабында орналасқан.

Шымкент қаласында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты назарда.

Барлық аудан аумағында көше бойын, аулаларды, саябақтарды, су арналарын тазалау жұмыстары ұдайы жүргізілуде. «Build Stroi» ЖШС қызметкерлері қаланың 4 ауданында тазалық жұмыстарын атқаруда. Оған 40 техника, 350 адам жұмылдырылған.

Атап айтқанда, мекеме тарапынан Темірлан тас жолы, Қатын көпір, Қошқар ата аумағы ретке келтірілді.

Сондай-ақ, «Атырау групп» ЖШС 3 техника және 16 қызметкерімен күнделікті су арналарын тазалау жұмыстарын жүргізуде.Қаланың бет-бейнесі — тазалықта. Қала тұрғындарын тазалыққа үлес қосуға, қоршаған ортаны қорғауға шақырамыз.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.