Шымкент қаласында халықты табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Шымкент қаласында халықты табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қаратөбе тұрғын алабы көгілдір оытнға қосылды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков осы шараға арнайы қатысып, жергілікті тұрғындармен бірге газды іске қосу шарасына қатысты.

Әкім өз сөзінде елдімекендерді газдандыру – қала экологиясын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жеңілдету жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол тұрғындарды газды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Бұған дейін Қаратөбе тұрғындары тұрмыста сұйытылған газ, көмір және басқа да отын түрлерін пайдалануға мәжбүр болып келген. Бұл қолайсыздықтар тұрмыстық қиындықтарды ғана емес, қауіпсіздік мәселелерін де туындататын.

Бұған дейін халық тұрмыста сұйытылған газ, көмір және отын пайдаланып келді. Бұл халық үшін едәуір қиындық туғызған әрі адам өмірі үшін де қауіпті. Енді көгілдір отынға қол жеткізген тұрғындардың жылыту шығындары да азаяды. Айта кетейік, газдандыру жұмыстары биылғы жылдың мамыр айында басталған болатын, қазіргі уақытта 62 абонент табиғи газ жүйесіне қосылып үлгерді.

Осы орайда, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ қызметкерлері тұрғындарға газ үшін төлемді ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейінгі мерзімде жүргізетінін хабарлайды.

Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің үлгі шартының 4 тарау 13 тармағына сәйкес: Тұрмыстық тұтынушы газ үшін төлемді ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейінгі мерзімде жүргізетінін хабардар етеміз.

Егер газ үшін ақы төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған тұтынушы қарызды толық өтеген сәтке дейін әрбір мерзімі өткен күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қайта қаржыландыруының 1,5 еселік мөлшерлемесі көлемінде тұрақсыздық айыбын төлейді, бірақ тұрақсыздық айыбының сомасы газ үшін ақы төлеу жөніндегі берешек сомасының он пайызынан артық болмауға тиіс.

Осыған орай берешек пайда болған сәттен бастап тұрмыстық тұтынушыға алдын ала хабарланғаннан кейін газбен жабдықтау жүйесінен ажырату жұмыстары және сот тәртібімен өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізілетінін ескертеміз.

Газ қызметі үшін берешектің болуы туралы ақпаратты алу үшін мына +77719499260/ + 7 7252394854 / + 7 72523397481 нөмірлері бойынша «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ ШӨФ Call-центріне жүгіне аласыздар.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin