Соңғы кездері Шымкенттегі көпқабатты үйлердің терезелерінен ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың құлап кетуі жиі орын алып жүр. Соған байланысты тұрғындардың кездейсоқ, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдай департаменті тұрғындардың назарына ұсынады.
- Баланың терезе алдына шыға алмайтындай етіп, жиһаздардың барлық түрлерін терезеден алыс қою керек.
- Шыбын-шіркейден қорғайтын тор перделері қайғылы оқиғаға бірден-бір себеп, өйткені, бала өзін қауіпсіздікте санап, терезеге де, тор перделерге де сүйенеді. Нәтижесінде балалар осы тор перделермен бірге жиі құлайды. Тор перде басты назарда болу керек!
- Терезеге арнайы бекіткіш орнатыңыз.
- Егер балаға терезеден бірдеңе көрсетемін десеңіз – терезені дұрыстап бекітіңіз, баланың жылдам қимылдауына дайын болыңыз, алақаныңызды құрғақ ұстаңыз, баланы киімінен ұстамаңыз.
- Егер сіздің бекіткіш және сақтандыру жабдықты дәл қазір орнатуға жағдайыңыз болмаса, терезенің тұтқасын уақытша алып тастап, қажеттілік бойынша пайдаланыңыз.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.