ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филилалының қызметкерлері Қаратау ауданы әкімдігінің өкілдерімен бірлесе #27 орта мектептің ұжымымен кездесті.
Жиында Қор филиалының бөлім басшысы Ахмет Беден мұғалімдердің медициналық сақтандыруға байланысты сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелерге қатысты кеңес берді.
Сақтандыру қаражаты пациенттерге қымбат тұратын тексерулер мен операцияларды қолжетімді етуге мүмкіндік беруде.
Азаматтарымыз жоғары білікті медициналық көмек ала алады, отбасылық бюджетке үлкен шығындар түседі деп алаңдамайды.
Қарапайым дәрігерлік кеңестен бастап, жоғары технологиялық көмек, узи, қымбат бағалы КТ,МРТ сынды медициналық көмекті ала алады. Медициналық көмектің кеңейтілген спектрі бүгінде барлық сақтандырылған азаматтарға ақысыз негізде қол жетімді.
«ANYQ.KZ-ақпарат»