Шымкент: Әл-Фараби ауданында бірнеше гүлзар пайдалануға берілді

Әл-Фараби ауданы тағы бір гүлзармен толықты. Ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, тұрғындарды құттықтады.

Аумағы 0,31 гектарды құрайтын гүлзар А. Диваев көшесінде орналасқан. Мұнда шынар, гуджу, каштан ағаштары мен көпжылдық сәндік гүлдер отырғызылды.

Құрылыс барысында 1031 шаршы метрге мәрмәрдан жасалған аяқжол төселіп, 1014 шаршы метр аумақ көгалдандырылды. Тұрғындар мен қонақтардың қолайлығы үшін 2 велотұрақ, ауызсу бұрқағы және ерекше фотоаймақ та қарастырылған.

Бұдан бөлек, 3 300 адам тұратын 20 көпқабат үй айналасында салынған гүлзарда балаларға арналған әткеншек, шахмат үстелі, теннис үстелі, мәрмәр орындықтар, қоқыс жәшігі, вазон, жарықшам бағаналары, пергола және декоративті тастар орнатылған.

Жергілікті азаматтар жаңа демалыс аймағының салынғанына қуанып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, бүгін халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында С.Жандосов және Жібек жолы көшелерінің қиылысында жаңа гүлзар ашылды. Гүлзар аумағы 0,2 гектар.

Серуендеу орнында ескі субұрқақ пен көпір күрделі жөндеуден өтіп, канал аумағы толық қоршалды. Сондай-ақ заманауи үлгідегі 8 дана орындық, 5 дана қоқыс жәшігі, әткеншектері бар 4 бастырма, 1 үстел теннисі, 4 вазон мен 6 декоративті тас орнатылды.

Сонымен қатар, шынар, гуджу тал көшеттері және көпжылдық гүлдер отырғызылып, 819 шаршы метр аумақ көгалдандырылды. Қала тұрғындарының қолайлылығы үшін тегін автотұрақ салынып, 764 шаршы метр аяқжол төселді. Бұл аумақта жалпы 15 көпқабатты тұрғын үй, 2700 ден аса тұрғын бар.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin