Шымкент әкімі Тайланд корольдігінің Қазақстандағы елшісімен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Таиланд Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Чатчаван Сакорнсинмен кездесті. Тараптар ортақ қатынастарды дамыту үшін бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады. Екі елдің инвестициялық әлеуеті бойынша ақпарат алмасып, достық қатынастарды нығайтудағы іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруды қарастырды.

“Қаламыздың Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартуда мүмкіндігі зор. Біз шетелдік инвесторларды тарту мақсатында қала аумағында өнеркәсіп алаңдарын құруға ерекше назар аударып келеміз. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында біз Тай капиталының қатысуымен жобаларды жүзеге асыруды сүйемелдеуге дайынбыз” – деді қала әкімі.

Қазақстан-Таиланд арасындағы дипломатиялық қатынастар ел тәуелсіздігін алған жылдардан басталған. Ынтымақтастық көрсеткіштерінің бірі — қалалар арасында тығыз байланыс орнату болып табылады. Таиландтың әлемге әйгілі туристік бағыты Паттайя мен Шымкент — бауырлас қалалар.

Тараптар кездесу барысында қалалалар арасындағы байланысты нығайтудағы өзекті мәселелердің шешімін талқылады. Сондай-ақ алдағы уақытта тек туризм, мәдениет салаларында ғана емес, сауда-саттық, білім, денсаулық сақтау бағыттарында да бірлескен жобаларды қолға алуды қарастырды.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында 2023-2027 жылдары жүзеге асырылатын 227 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Инвестициялық ресурстардың өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қолдау жұмыстары жүргізілетін болады. Жобалардың жалпы құны 1,7 трлн.теңгені құрайды және жаңадан 18 мыңнан аса жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде 2023 жылы құны 129 миллиард теңгені құрайтын 49 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында 84,8 млрд. теңгеге келіссөздер жүргізіліп, даму стратегиясы нақтыланған инвестициялық жобалар тартылған.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.