Шымкент әкімі балаларды мерекесімен құттықтады

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы балалар шығармашылығын дамыту мақсатында мерекелік іс-шарасы өтті. Іс шараға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков балаларды құттықтап, өнерін тамашалады.

Жергілікті мектептерден 1300 өнерпаз қатысып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балғындар патриоттық әндерді әуелете орындап, мың бұрала би биледі. Жас суретшілердің бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.

Ал, Арбат демалыс аймағында өнерпаздардың “Балалық шақтың мекені” атты шеруі бүгінгі мерекені айшықтай түсті. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараға Оқушылар сарайының барабаншылар тобы, Саз колледжінің үрмелі және ұлт аспаптар оркестрі, театр қуыршақтары мен балалар персонаждары атсалысты.

Мерекелік репертуар, музыкалық аспаптардың үйлесімі, сазды-театрландырылған шеру көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Шеру Оталық саябаққа дейін жалғасты.

Мерекеде қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығына барып, тәрбиеленушілерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Балалардың жүзіне күлкі сыйлап, арнайы сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, мекеме аумағын аралап, балалардың

жағдайымен танысты.

Ал, балалар тәрбиешілермен бірге арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Ән айтып, би билеп бар өнерін ортаға салды.

Бүгінде орталық қызметкерлері балғындар үшін отбасылық жайлылық пен жылы атмосфера жасап отыр.

Түрлі үйірмелер мен секциялар жас достардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Балалар — біздің басты байлығымыз. Жас ұрпақтың жеке қабілеттерін дамытып,оларға барлық жағдай жасау, өмірін, денсаулығы мен құқығын қорғау — біздің маңызды міндеттеріміздің бірі.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin