Шымкент әкімі дизельді генератор өндіретін зауыт жұмысымен танысты

Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағында дизельді генератор шығаратын «New Technology Ltd» ЖШС-ы орналасқан. Онда жылына 300 дана дизельді генератор өндіріледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталмыш мекеменің жұмысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жоба 2018-2020 жылдары жүзеге асты. Құны — 300 млн теңге. Қазір мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Өнімнің 70 пайызы – ішкі нарықта саудаланса, қалған 30 пайызы Өзбекстан еліне экспортталады.

Кәсіпорында альтернатор, дизельді қозғалтқыш, металл, поролон, шланг секілді қосалқы бөлшектер де өндіріледі. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасымен индустриалды аймақтан 1 гектар жер бөлінген болатын.

Зауыттың жұмысымен танысқан шаһар басшысы жұмысшы санын және өнім көлемін арттыру қажеттігін айтты. Сонымен бірге, мемлекеттік мекемелерді – ауруханалар мен мектептерді жергілікті өндіріліп жатқан дизельді генераторды тұтынуға шақыру керек деп тиісті басшыларға тапсырма жүктеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. 935440 878616An interesting discussion is worth comment. I believe which you want to write much more on this matter, it might not be a taboo topic but normally individuals are not enough to speak on such topics. Towards the next. Cheers 939039

  2. 122293 850849Hello! I merely would wish to offer a huge thumbs up for that wonderful info youve here during this post. I will likely be returning to your web site to get a lot more soon. 612162

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.