Шымкент әкімі жол құрылысы саласын цифрландыру барысымен танысты

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында қаладағы бірқатар нысандарда болып, жұмыс барысын бақылады. Ең алдымен, “Шымкент Сити” шағынауданындағы жол құрылысын, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Изенді көшесіндегі күрделі жөндеу жұмысын, сондай-ақ Жандосов көшесінің Сасбуқаев пен Адырбеков көшесі аралығында атқарылып жатқан жұмыстарын тексерді.

Әңгіме барысында мердігер мекеме өкілдеріне жөндеу жұмыстарын қатаң құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Барлық бағыттағы жұмысты жеделдетуді және жөндеу жұмыстары жол қозғалысына кедергі келтірмеуі үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Автомобиль кептелісін азайту мақсатында, транспорт және автомобиль жолдары басқармасының басшысына Изенді көшесін Төлеметов көшесіне дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыруды жүктеді.

Бәріне мәлім, жол қозғалысы – қауіп­сіздігі, жол-көлік оқиғаларынан (ЖКО) болатын өлім-жітім және жарақаттану мәселесі – жаһандық проблема. Әлемде жыл сайын жол апа­тынан 1,5 миллионға жуық адам мерт болады, миллиондаған адам мү­гедек болып қалады. Жол-көлік оқиға­ларынан болатын өлім-жітім – дүние жүзінде жастар арасындағы өлім-жітім­нің басты себептерінің бірі. Сондықтан БҰҰ тұрақты даму мақсаттарының бірі ретінде жол қозға­лысы қауіпсіздігін арттыру туралы тармақтарды енгізіп, 2030 жылға қарай өлім-жітім деңгейін екі есе азайтуды мақсат етіп қойды. Еуропалық комиссия және басқа да халықаралық ұйымдар бұл мақсаттарды белсенді түрде қолдайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та елдегі жол-көлік оқи­ғалары мәселесіне ерекше көңіл бөліп, жағдайды жақсартуды басты міндет етіп қойып отыр. Осы орайда елімізде жол құрлысын цифрландыру қолға алынып отыр.

Осы тұста өала басшысы  жол құрылысы саласын цифрландыру барысымен танысып, жылжымалы жол зертханасының жұмысын көрді. Қазіргі таңда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қалада автомобиль жолдарын кешенді тексеру, техникалық есепке алу, температура мен ылғалдылық мониторингін жүргізу арқылы жолды басқару жүйесін жетілдіру және сапасын арттыру жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Бұл жаңа зерттеу түрі жол мен нысандардың техникалық жай-күйін талдауға, олардың паспорттауын жүргізуге және электронды жол базасына енгізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, “Жаңаталап” шағынауданындағы жаңа көпір құрылысы мен Бадам өзенінің жағасын бекіту жұмыстарының да барысын пысықтады. Еске сала кетсек, осыдан бірер күн алдын әкім Еңбекші ауданы, «Маятас» тұрғын алабында Бадам өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарын көрген болатын. Жағалаудың екі жағынан бекітілетін аумақтың ұзындығы 18 шақырым. Бұл аудандағы жұмыс толық аяқталған. Ал, Абай ауданындағы бөлігі ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Әрі қарай Абай атындағы саябақ, “Аналар аллеясы”, Рысқұлбеков, Мәделі қожа, Жандосов, Шаяхметов, Ерімбетов және Жәнібеков көшелеріндегі жаяу жүргінші жолының, көше жарығының жай-күйін және тазалығын тексерді. Сондай-ақ, Жібек жолы мен Жандосов көшелерінің қиылысындағы және 17-шағынаудандағы скверлер құрылысын бақылады.

Жаяу аралау қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Жауаптыларға қоқысты жинау мен шығару бойынша бақылауды күшейту және шымкенттік арнаның уақытылы сумен толтырылуын қамтамасыз ету міндеттері жүктелді.

Осыдан алдыңғы аралауында Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданындағы «Металлург» саябағының ағымдағы жағдайын тексерген болатын.  Йога алаңының құрылысы барысымен танысты және жергілікті тұрғындармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Азаматтар жаз мезгілінде орындықтар санын көбейту және жаттығу құралдарын жаңарту қажеттігін айтты. Қала басшысы жауапты мамандарға тұрғындардың пікірін ескеріп, тиісті жұмыс жүргізуді және саябақтағы сыртқы жарықтандыру кестесін түзетуді тапсырды.

Тұран ауданы жалпы 21 шағын ауданнан тұрады, халық саны 220,7 мың адам, 36 300,0 га жер көлемін құрайды. Сондай-ақ ауданда 39 357 жеке үй, 544 көп қабатты үй және 597 көше бар. Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 95,5% сапалы ауыз сумен қамтылған. 2026 жылы 100% сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Ал, 85,7% табиғи газбен қамтылса, 95,2% электр қуатымен қамтылған. 2026 жылы табиғи газбен – 100%, 2025 жылы – 100% сапалы электр қуатымен қамту жоспарланған. Сондай-ақ, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1% құрайды. 2025 жылы бұл көрсеткішті 60,2%-ға жеткізу жоспарға қойылған.

Әкім Абай ауданында Темірлан тас жолы бойындағы бұған дейін қараусыз қалған гүлзарды қалпына келтіру жұмыстарын да тексерді. Жаңартылған қоғамдық орында газон мен ағаштар отырғызылып, суару жүйесі, орындықтар және жарық шамдары орнатылды.

Сондай-ақ, «Жиделі» тұрғын алабындағы Диваев және Бекет батыр көшелерінде орналасқан жаңа сквердің құрылысымен танысып, Тәуке хан даңғылы, «Көл» аумағы, Тәшенов және Түркістан көшелері, Орталық саябақ және Шәмші Қалдаяқов атындағы саябақтың жағдайы мен тазалығын да тексерді. Тексеруден кейін аудан әкімдіктері мен жауапты басқармаларға көше мен аулалардың тазалығын бақылауды күшейтуді тапсырды.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin