Қаламызда жыл сайын көшелер мен аулаларды абаттандыру бағытында үлкен көлемдегі жұмыстар жүргізілуде. Көпқабатты үйлердің аулаларында жаңа спорт және балалар ойын алаңдары салынып, тұрғындардың жайлылығы мен қолайлығын арттыру үшін түрлі шаралар жүзеге асырылуда.
Өкінішке қарай, қазіргі таңда балалар мен спорт алаңдарының сақталуы өзекті мәселеге айналып отыр. Қала тұрғы ретінде сіздер ауладағы тазалыққа мән беріп, балаларды ойын алаңдарының жабдықтарын ұқыпты пайдалануға үйретуге ерекше көңіл бөлулеріңіз қажет. Көп жағдайда алаңдардың бүлінуіне тұрғындардың жауапсыздығы мен құралдарды дұрыс пайдаланбауы себеп болып жатады.
«Баршаңызды аула мүлкіне ұқыптылықпен қарап, қамқорлық танытуға шақырамын. Егер вандализм әрекетінің куәсі болсаңыз, бейжай қарамай, құқықбұзушылықтар туралы дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймын.»,- деді қала басшысы.
Айта кетейік, Шымкентті мегаполис ретінде дамытудың маңызды стратегиялық бағыты қалалық қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы шеңберінде көптеген ауқымды жұмыстар жүргізілуде.Инновациялар мен жаңа технологиялар қала тұрғындары үшін неғұрлым тиімді, тұрақты және өмір сүруге қолайлы аумақтарды құруға мүмкіндік береді. Орналасудың жаңа тәсілдері қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ қалалық ортаны инвестициялар мен даму үшін тартымды етуге көмектеседі.
Инфрақұрылымды дамыту, қоғамдық көліктің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, сондай-ақ велосипед және жаяу жүргіншілер аймақтарын көбейту үшін жағдай жасалуда. Бұл халықтың денсаулығын жақсартуға, ауаның ластану деңгейін және көлік жүктемесін азайтуға нақты қадам болмақ.
«ANYQ.KZ-ақпарат»