Шымкент: «Өмір сыйла, донор бол!» акциясы өтті

Шымкентте «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ні ұйымдастыруымен «Өмір сыйла, донор бол!» тақырыбында қан тапсыру акциясы өтті.

«Денсаулық — зор байлық». Әрбір адамның денсаулығы – қоғамның байлығы деуге болады. Осы ретте халқымыздың «Дені саудың жаны сау» – деген сөзі де тектен-тек айтылмағаны соның дәлелі. Бүгінгі өткен іс-шараның да денсаулыққа пайдасы зор.

Шараның мақсаты да жастарға қан мен оның компоненттерін қайта құю арқылы адам өмірін құтқарып, денсаулығына қауіп қатер төнген жандардың өмірін ұзартуға мүмкіндік бар екендігін түсіндіру. Донор болу арқылы өзгеге үміт сыйлау.

Жалпы, донор бір рет қан өткізу арқылы орта есеппен үш адамның өмірін құтқарады. Ал тұрақты түрде қан өткізіп тұратын донорлар жылына 12 адамды аман алып қалуға көмектеседі. Тұрақты донорлар жүрек-қан тамырлары ауруларымен сирек ауырады. Жарақат алғанда қансырауды жеңіл өткереді. Одан бөлек, мамандар ұдайы түрде қан өткізіп отыру арқылы адамдар өз өмірін де 5-7 жылға ұзартатынын айтады.

Акцияға ерікті жастар, жас спортшылар мен жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты. Жалпы саны 50-ден астам жас толық тексеруден өтіп, донор болуға мүмкіндік алды.

Қан орталығына келген донорлар алдымен толық медициналық тексеруден өтті. Олардың қанттылығы, гемоглобин деңгейі және әртүрлі ауру белгілерінің болуы зертханалық әдіс арқылы анықталып, содан кейін ғана донор болуға мүмкіндік берілді.

Іс-шараға қатысқан жастар игі іске мұрындық болғандарына ризалықпен тарасты.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin