Шымкент қаласында өткен тәулікте 2 874 адам вакцина салдырды: I компонент – 1 282, II компонент – 1 592.
Егу науқаны басталғалы барлығы 164 978 адам вакциналанды. Оның ішінде 68 472 адам вакцинаның екі компонентін алған.
18 мамыр күні КВИ-дің 81 жағдайы тіркелген. 22 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 59 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық — 490, «Атамекен» клиникасы — 450, Орынбай ГБОО — 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы — 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы-10, Шымкент жүрек орталығы — 6).
Шаһарда сауда нысандарында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын 22 мобильдік топ жұмыс істеуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар өзге өңірлермен салыстырғанда белсенді жүргізілуде.
Сондай-ақ, өткен тәулікте 721 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 15 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Індетті жеңудің бірден-бір жолы – вакциналау. Қала тұрғындарын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, тезірек екпе алуға шақырамыз.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
You are truly a excellent webmaster. The web site
loading speed is amazing. It kind of feels that you are doing
any unique trick. In addition, the contents are masterpiece.
you have performed a excellent task in this subject!
Similar here: e-commerce and also here: Bezpieczne zakupy