Шымкент: 2024 жылдың 5 айында 1902 тұтынушының өтініші қаралды

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы» түйінді көрсеткіші бойынша: 2024 жылдың 5 айында қаралған өтініштердің жалпы саны 1902 қаралды, қанағаттандырылды, тұтынушыларға 72 млн.теңге сомасында ақшалай қаражат қайтарылды.
Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында «Тұтынушылардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде белгілі болды.
Қаралған 1902 өтініштің ішінен:
Қанағаттандырылды — 1664 өтініш;
135 өтініш бойынша түсіндірме берілді;
қайта бағытталды – 58 өтініш
қайтарып алынды – 21
талап арыз бойынша – 9
келесі айға көшті – 15
«Талап-арыз қызметі» түйінді көрсеткішінің (тұтынушылардың құқығын қорғау саласында)
2024 жылдың 5 айында жалпы 9 талап-арыздық жұмыстары бойынша сот отырысына қатысты.
9 талап-арыз бойынша үшінші тарап ретінде Сот отырысына қатысып, 4 талап-арыз бойынша соттың оң шешімі тұтынушылардың пайдасына шешілді, жалпы сомасы 1 424 750 теңге өндірілген.
Жиын барысында Е-тұтынушы бірыңғай ақпараттық жүйесі (БАЖ) бойынша Атамекен ҰКП-мен бірлесіп тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, БАЖ-да тіркелу туралы БАҚ-та материалдар жарияланды және бизнес қоғамдастықтармен осы қосымшада тіркелу қажеттілігі туралы дөңгелек үстелдер өткізілгені де айтылды. «Е-Тұтынушы» платформасының қызметін БАҚ құралдарында, әлеуметтік желілерде қарқынды түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Осы негізде, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті Төрағасының тапсырмасына сәйкес, Өңірде Мемлекеттік органдардан, Үкіметтік емес ұйымдардан және Қоғамдық бірлестіктерден құралған «Ситуациялық штаб» жұмыс тобы құрылып, іс-шара бойынша тиісті жұмыстар атқаруда.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin