Шымкент: 2024 жылыауаның ластануы мен өзендер суының сапасына 7585 талдау жүргізілді

Шымкентте 4 кәсіпорынның жұмысы сотпен тоқтатылып, 4 кәсіпорынның жұмысы сотта қаралуда. Бұл жөнінде 2024 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша Департаменттің атқарған жұмыстарына тоқталған Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев баяндады.

Жалпы, департаментпен 2024 жылдың 8 айында 23 жоспардан тыс тексеру, оның ішінде профилактикалық бақылау –7, талаптарға сәйкестігі – 6, жоспардан тыс –10 тексерістер жүргізілген.

– Тексерулер нәтижесінде жалпы 55 әкімшілік іс қозғалып, оның 48 әкімшілік іс бойынша жалпы сомасы 170,5 млн теңгеден аса айыппұл салынды, 1 әкімшілік іс сотта қаралуда. , 2 әкімшілік іс бойынша қылмыстық құрамы бар жоқтығын анықтау мақсатында Шымкент қалалық Полиция департаментіне іс-құжаттар қаралуда. Тексеру нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 24 нұсқама жолданды,– дейді Ермахан Тастанбекұлы.

Брифинг барысында экологиялық бақылау, су ресурстарының сапасы және ауаның ластануын қадағалау бойынша маңызды нәтижелер жарияланды.

Экология департаменті 2024 жылы 52 мемлекеттік қызмет көрсетіп, I санаттағы объектілерге экологиялық рұқсат беруге ерекше назар аударды. Жыл басынан бері 7 экологиялық рұқсат беріліп, 6 өтініш кері қайтарылды. Сонымен қатар, қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижесінде 5 оң қорытынды берілді, ал 4 өтінішке бас тартылды.

2024 жылы департамент 94 объектіні тексеріп, 1 249 сынама алып, 7 585 талдау жүргізді. Ауаның, судың және топырақтың сапасы мұқият зерттелді. Әсіресе, қала арқылы өтетін Қошқар-Ата және Қарасу өзендеріндегі су сапасы нашарлаған. Қошқар-Ата өзенінде шекті рұқсат етілген ластаушы заттардың концентрациясы 1,5 есеге өскені анықталды.

Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, полиция департаментімен бірлескен шаралар нәтижесінде, 125 автокөлік тексеріліп, 50 көлік ауаны нормадан тыс ластағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin