Шымкент: 418 млн. теңге алимент берешегі өндірілген

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы прокуратурасының әкімшілік және атқарушылық өндірісті қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Мирзалиев Бауыржан Қуанышбекұлы баяндады.
Сот орындаушылары мен жұмыспен қамту орталығының бірлескен шаралары нәтижесінде 241 алимент төлеуші жұмысқа орналастырылып, алиментті жалақаларынан өндіруге мүмкіндік пайда болған.
Өкінішке орай, кейбір азаматтар ұсынылған жұмысқа тұрмай, алиментті төлеуден жалтаруды жалғастырған фактілері де орын алған.
Бұл ретте қала прокуратурасының үйлестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Шымкент қаласының Полиция департаменті, Әділет департаменті және Жеке сот орындаушылар палатасы арасында борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту меморандумы бекітілген.
Нәтижесінде жыл басынан жалпы 15 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде 11 борышкерге қатысты сот үкімдері шығып бас бостандығын 1 жылға дейін шектеу түріндегі жазаға тартылған. 2 іс қылмыс құрамының болмауына байланысты өндірістен тоқтатылса 2 іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Алимент бойынша әрекетсіздік танытып, заңнамамен белгіленген мәжбүрлеп өндіру амалдарын уақтылы қолданбайтын сот орындаушыларына қатысты да жауапкершілік күшейтілгендігін ескеру қажет деді, Мирзалиев Бауыржан.
Айтуынша, Прокуратура органдары тарапынан сот орындаушылардың алимент өндіру туралы атқарушылық өндірістері бойынша қабылдаған шараларының толықтығына тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылы Шымкент қаласының Жеке сот орындаушылар палатасы прокурорлардың 10 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынуды қараған.
Нәтижесінде 58 жеке сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылып, прокуратура тарапынан анықталған кемшіліктерді жою нәтижесінде 418 млн. теңге алимент берешегі өндірілген.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin