Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев айтты.
«Алдағы уақытта 500-ге жуық ерікті қаладағы қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Оған қоса Шымкент қаласының үздік еріктілері мен ұйымдары жыл қорытындысында арнайы алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталады», – деді басқарма басшысы.
Осы орайда Ж.Төлембекұлы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы тілге тиек етті.
«Еріктілермен бірлесе отырып, «Біргеміз Sabaqtastyq» бағытында №4, №3 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Тәлімгер жобасы» жүзеге асырылуда. Бұл ретте статистикаға сүйенсек, мәселен, бұл жобаға 1700 адам қатысса, оның 125-і ғана өтеді екен. Яғни, көбісі балалармен тәлімгерлік тұрғысында жұмыс істеуге дайын емес деген сөз», – ол.
Баспасөз мәжілісінде «Ізгілікке жарысайық» қайырымдылық қорының менеджері Мұхтар Ташимов әлеуметтік дүкен жайлы әңгіме өрбітті. Спикердің сөзіне сүйенсек, көмекке мұқтаж отбасыларға киім таратудың жаңа форматы енгізілген.
«Киімге мұқтаж кісілер әлеуметтік дүкенге келіп, супермаркеттен алып жатқандай киіне алады. Яғни, біздің жоспар – мұқтаждық атмосферасын санасынан шығару. Осы мақсатпен 80 600 киім таратылды», – деді Мұқтар Смағұлұлы.
Брифинг соңында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
You are actually a good webmaster. The site loading pace is amazing.
It sort of feels that you are doing any distinctive trick.
Furthermore, the contents are masterwork. you’ve performed a fantastic process on this subject!
Similar here: najlepszy sklep and also here: Zakupy online
I like this weblog very much, Its a real nice billet to read and incur
info.Raise your business