Шымкент: 6 973 оқушы тест тапсыруға тіркелген

Шымкентте ҰБТ-ның 1-кезеңі аяқталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Айта кету керек, Шымкентте 2020-2021 оқу жылында 11-сыныпта 9 342 оқушы білім алуда. Оның ішінде 6 973 (74,6%) тест тапсыруға тіркелгені белгілі болып отыр.

І-кезең – 10 наурыз – 10 сәуір аралығында өтті, яғни жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге, 1 мүмкіндікте 2 371 түлек бағын сынады. Ал, екінші кезең — білім беру гранттарын тағайындау конкурсы 15 сәуір – 30 маусым аралығында өтеді.

ҰБТ тапсыратын орындарға арнайы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет орталығынан келісім алынды. Онда медициналық пункттер ашумен қатар, жылдамдығы жоғары интернет арқылы онлайн трансляция жасалды.

Өткен жылдан бері тестілеу нәтижесін оқушының өзі ғана ЖСН арқылы білуіне мүмкіндік бар.

Айта кетейік, ҰБТ-ның ескі форматы үшін ел бюджетінен 1 миллиард теңге (2,4 миллион доллар) қарастырылса, электронды форматтағы тестілеу шығыны шамамен 400 миллион теңге (952 мың доллар) көлемінде болады деп жоспарлануда.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.