Шымкент: 716 қала тұрғынына үйден арнаулы көмек көрсетіледі

Оның ішінде егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адам саны-391.


«Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ, психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерге, І-ІІ топтағы мүгедектерге және егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, тоқтату шарттарын айқындайды.

716 қала тұрғынына үйден арнаулы әлеуметтік көрсетіледі. Оның ішінде егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адам саны-391, І-ІІ топ мүгедектер саны — 78, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектер саны – 84, психоневрологиялық ауыткулары бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалар саны – 163.

Солардың бірі — 90 жастағы Анвара Багаутдинова. Ол ІІ-топ мүгедектігі бар тыл еңбеккері. Анвара Багаутдиноваға азық-түлік пен дәрілерді әкелу, медициналық жәрдем көрсету, үйде гигиеналық тазалау жұмыстарын жүргізу, қызмет алушының өмірлік тонусын психологиялық тұрғыдан қолдау, пәтерлерде күрделі емес жөндеу жұмыстарын жүргізгенде көмек көрсету, коммуналдық қызметтерді төлеу және басқа да біржолғы көмектер көрсетіліп жатыр.

Зейнеткер қызмет көрсетушілерге алғысын білдіріп, жастарға ҰОС кезімен тұспа-тұс келген балалық шағын жиі айтып беріп отырады. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.