Ыстамбұлдағы Галата мұнарасы 23 ақпаннан бастап жабылды.
Ыстамбұлдың еуропалық бөлігіндегі ең танымал көрнекі жерлердің бірі — Галата мұнарасы 23 ақпаннан бастап бір айға жабылды. Бұл туралы Түркияның мәдениет және туризм министрлігі мәлім етті.
Бұған дейін мұнара 2023 жылдың қарашасында жабылған еді. Ол кезде ғимараттың 8-қабаты төбедегі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылған болатын.
«Енді ғимараттың жер сілкінісіне төзімділігін арттыру мақсатында жөндеу жұмыстары қайта жүргізіледі. Сонымен қоса мұнараның қасбеті қалпына келтіріледі деп жоспарланған», — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, ғимараттың қабыраларына 400-ге құс ұя салған. Сол себепті қалпына келтіру жұмыстары құстардың көші-қон маусымын ескере отырып жүргізіледі.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.