Ғани РЫСБЕКОВ, Сауран ауданының әкімі: «2022 жылдың 10 айында инвестиция көлемі 15,7 миллиард теңгеге орындалып отыр»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен былтыр наурыз айының 12-сінде Түркістан облысы жаңадан Сауран ауданы құрылған болатын. Көп ұзамай алғашқы әкімі болып Ғани Рысбеков тағайындалды. Міне, содан бері бір жарым жылдан астам уақыт өте шығыпты. Бүгін Ғани Құрмашұлымен жүздесіп, аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен-ді.

– Былтыр сәуір айында Түркістан облысының сол тұстағы әкімі Өмірзақ Шөкеев: «Жаңа ауданға тәжірибелі арнайы әкімді тағайындап отырмыз. Аудан экономикасын көтеруге бар тәжірибесін, білімін, күш-жігетір жұмсайды деп сенемін. Аудан қайта бой түзеп келе жатқан Түркістан қаласымен шектеседі, сондықтан, Сауран ауданына ерекше көңіл бөлінеді. Басты мақсат – аудан халқына барынша қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасау. Ауыл, елді мекендерімізді жайлы, қауіпсіз, таза да көрікті аумаққа айналдыру. Жаңадан тағайындалған аудан басшысына депутататтармен және аудан активімен бірлесіп, осы міндеттерді шешуді тапсырамын», – деген-ді...

– Өзіңізге белгілі, 2018 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойып, осылайша, Елбасы қабылдаған стратегиялық шешім күллі түркі жұртының рухани астанасы болған Түркістанның қайта түлеуіне үлкен серпіліс берді. Былтыр 12 наурыздағы Жарлығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталығы Шорнақ ауылында орналасқан, құрамына 12 ауыл округі енгізілген Сауран ауданы құрылған болатын. Бұл – үлкен жеңіс, тарихи оқиға. Сауран ауданында үлкен потенциал бар деп есептеймін. Иә, өңір басшысы жаңа ауданның алғашқы әкімі ретінде басты назар аударатын бірқатар мәселелерге тоқталып, нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, жаңадан аудандық құрылым бөлімдерін құруды, сәулеті заманауи талаптарға сай аудан орталығының құрылыс жұмыстарын бастап, қарқынды жүргізуді, жаңа өндіріс орындарын ашып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді тапсырды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістікті суарудың озық тәжірибелерін енгізуді, инвестиция тартып, өнім көлемін арттыру, аудандағы инфрақұрылымды дамытуды міндеттеді. Содан бері өзіме сенім артқан барша азаматтарға алғыс айтып, жаңадан құрылған Сауран ауданының дамуы мен өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсап келемін.

Аудан орталығы Шорнақ ауылы Түркістан қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан. Бүгінде мұнда 12 мың халық тұрады. Жаңадан құрылған аудан халқының саны 106,802 адамды құрайды. Ауданның жалпы көлемі 12 ауылдық округ пен әкімшілік орталығын қоса алғанда 721745 гектар жерді құрайды. 12 ауылдық округте жалпы саны 35 елді мекен бар. Ұлт руханиятында киелі ұғымға айналған «Сауран» атауының Түркістан облысында құрылған жаңа ауданға берілуінің зор мәні бар деп есептеймін. Себебі бұл атау ежелгі Түркістан ұғымымен тығыз байланысты. Жалпы Сауран – XII ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған қала. Шаһар Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. XIII ғасырдың орта шегінде Ақ Орданың астанасы болған.

– Биылғы 10 айда атқарған жұмыстарыңыз туралы кеңірек айтып өтсеңіз.

Ең алдымен бюджет саласынан бастайын. 2022 жылғы аудан бюджетінің жалпы көлемі 7 млрд. 831,8 млн. теңгені құрап отыр. Оның ішінде 1 млрд. 406,6 млн. теңге жергілікті бюджет болса, 6 425,2 млн. теңге — трансферттер. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына жергілікті бюджетке 1  млрд. 174,8 млн. теңге жоспарланып, 1 млрд. 364,1 млн. теңге қаржы түскен, орындалуы 116,1 пайызды құрады. 189,2 млн. теңгеге асыра орындалды. 1 қарашадағы жағдайға бюджеттің шығыстар бөлігіндегі жоспардағы 5 млрд. 773,6 млн. теңгенің  5 млрд. 478,3 млн. теңгесі игеріліп, 94,9%-ды құрады.

Аудан бюджеті 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жалпы 5 есеге ұлғайған. 2021 жылдың 1 қарашасына жергілікті бюджетке 110,1 млн. теңге жоспарланып, 178,3,1 млн. теңге қаржы түскен, орындалуы 1,6 есеге ұлғайып немесе 68,3 млн. теңгеге асыра орындалған. Шығыс бөлігіндегі жоспардағы 543,5 млн. теңгенің 540,7 млн. теңгесі игеріліп, 99,3%-ды құрап отыр.

Шорнақта әкімшілік іскерлік орталығы бой көтереді деп еді. Жай-күйі қалай?

Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы және топографикалық түсірілімімен бірлескен бас жоспары қыркүйек айында аудандық мәслихат сессиясында бекітілді. Аудан орталығы Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекенінен 38 гектар жер бөлініп, әкімдік, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, аумақтық органдар,  ішкі істері басқармасы ғимараттарының құрылысы және инженерлік инфрақұрылым құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын атқарып, пайдалануға беру 2023 жылға жоспарланған. Ал әкімшілік ғимаратын ағымдағы жылдың соңында пайдалануға беру жоспарланған. Нысанның құны – 1 199 496 000 теңге.

Сонымен қатар, Шорнақ елді мекенінде 4 автомашинаға арналған өрт сөндіру депосы» құрылысы мен «200 орындық аудандық орталық аурухана» құрылысы нысандары бойынша Түркістан облысы құрылыс басқармасы тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Бұдан бөлек «500 орындық мәдениет үйі» құрылысы бойынша Сауран ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Ал «Спорт комплексі» құрылыс нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттарын әзірлейтін жобалаушы мекемені анықтау үшін конкурс өткізіліп жатыр.

– Коммуналдық сала бойынша қандай оңды істер бар?

Әуелі ауызсуға тоқталайын. 2009-2019 жылдары 31 елді мекенге Түркістан қаласының және Кентау қаласының тарапынан ауызсумен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілген. Мәлімет үшін айтайын: 32-разъезд елді мекенінде – 6 тұрғын үй, 11 адам бар. Қаратөбе елді мекенінде – 24 тұрын үй, 126 адам бар. Егізқара елді мекенінде – 11 тұрғын үй, 59 адам бар. Аталған елді мекендердегі тұрғын үйлер бір-бірінен алыс орналасқан және ауылдық округ орталығынан халқы мал шаруашылығымен айналысу мақсатында шалғайда орналасқан елді мекендер. Елді мекендердің тұрғын үй саны және халық санының жеткіліксіз болып, экономикалық жағынан тиімсіз деп саналып, ауызсу құбыры жүргізілмеген.

Сауран ауданына қарасты Ойық елді мекенін ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округі, Ойық елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы сметалық құжаттаманы түзету» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттары «Түркістан облысының энергетика және тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық» басқармасына қаржы бөлуге тапсырылды.

Бүгінгі таңға 14 елді мекенге су қоймаларының тозығы жеткен құрылғыларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттары әзірленіп, мердігерін анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде, ағымдағы жылдың соңына дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Табиғи газбен қамтуға келсек, қазіргі таңға 4 ауылдық округтегі 11 елді мекенге табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілген. Атап айтқанда, Үшқайық ауылдық округіне қарасты 4 елді мекенге 2022 жылдың сәуір айынан бастап газ берілуде.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік жекеменшік әріптестік» (ГЧП) бағдарламасы аясында Жаңа Иқан, Шаға ауылдық округтеріне қарасты 6 елді мекенге табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 2020 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қабылдаудан өткізілген. Бүгінгі таңда табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 2 жақты келісімшарт түзіліп, ағымдағы жылдың қазан айынан бастап, Шаға ауылдық округінің 8 көшесіне газ берілді. Жыл соңына дейін қалған елді мекендерге газ берілетін болады.

Ескі Иқан елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары 2018 жылы толығымен аяқталған. Нысанға тапсырыс беруші — Кентау қаласы әкімдігі, мердігер мекеме «Баянды-Құрылыс» ЖШС-і. Нысанда бүгінгі таңда ескірген, көптеген кемшіліктердің болуына байланысты газ беру мәселесіне кедергі келтіруде.

Сонымен қатар, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтерін және Оранғай елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2 нысанның жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлдіруге облыстық салалық  басқармаға ұсынылды. Атап айтқанда:

  1. «Түркістан облысы, Кентау қаласы, Оранғай ауылындағы газ құбырларының құрылысы» – нысаны бойынша сметалық құны – 1 819,559 млн. теңге;
  2. «Түркістан облысы, Кентау қаласы, Жүйнек, Қарашық ауылдық округтерінде газ құбырларының құрылысы» – нысаны бойынша сметалық құны – 4 956,093 млн. теңге.

Аудан орталығы Шорнақ елді мекеніне магистральды газ құбырларын жүргізу жұмыстары бойынша Кентау қаласының әкімдігі тарапынан жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

2 ауылдық округке табиғи газбен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы қаралып, жобалаушы мекеме анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

  1. «Сауран ауданындағы Оранғай ауылдық округі, Бостандық және Қосқорған елді мекендерін табиғи газ құбырымен қамтамасыз ету құрылысы»; 
  2. «Сауран ауданындағы Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан елді мекенін табиғи газ құбырымен қамтамасыз ету құрылысы»;

Электр қуатымен қамтуда да едәуір ілгерілеу бар. Ауданға қарасты елді мекендерін электр энергиясымен қамтамасыз ететін жоғары кернеулі 10 кв және төменгі кернеулі 0,4 кв әуе электр желілері мен трансформаторларды «Оңтүстік Жарық Транзит» Түркістан электр желілері тарапынан қайта жаңғырту инвестициялық бағдарламасы аясында 2022-2027 жылдарға жүзеге асатын жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімдігі тарапынан Шорнақ, Қосмезгіл және Еңбекші Дихан елді мекендеріндегі жаңадан қоныстанған аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2 нысанға ЖСҚ-ы әзірленуде. Олар:

  1. «Сауран ауданы, Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан елді мекенінің электр қуатымен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарын және жобалау жұмыстарын жүргізу»;
  2. «Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ және Қосмезгіл елді мекендерінің электр қуатымен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарын және жобалау  жұмыстарын жүргізу».

Автомобиль жолдарына тоқталсақ, аудан бойынша аудандық маңызы бар 119,3 шақырым автомобиль жолы бар. Оның 68 шақырымы — жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Ал, ауыл ішілік жолдардың жалпы ұзындығы — 625 шақырым. Жақсы және қанағаттанарлығы — 403 шақырым.

2022 жылға ауданда 36 шақырым құрайтын автожол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 2 198,252 млн. теңге бөлінді. Атап айтқанда:

  1. Шорнақ елді мекені Т.Сулейменов және Шаяхметова көшелерінің орташа жөндеу жұмыстары — 6 шақырым;
  2. Оранғай елді мекеніндегі спорт мектебіне апаратын жолды орташа жөндеу ұзындығы — 0,75 шақырым;
  3. Қосмезгіл елді мекеніндегі жаңа мектепке апарар жолды орташа жөндеу — 0,8 шақырым;
  4. Ескі Иқан ауыл округіндегі Шарап ата көшесін орташа жөндеу — 1,0 шақырым;
  5. Майдантал елді мекенінен Егізқара ауылына апарар жолды ағымдағы жөндеу — 10 шақырым;
  6. Серт елді мекеніндегі Рахимов көшесін орташа жөндеу ұзындығы — 1,3 шақырым;
  7. Теке елді мекеніндегі Абай көшесін орташа жөндеу ұзындығы — 1,3 шақырым;
  8. Жібек Жолы ауыл округіндегі Сауранбаев көшесін орташа жөндеу ұзындығы — 1,0 шақырым;
  9. Шорнақ елді мекенінде Б.Майлин, М.Қорған, Досметов, С.Сариев көшелерін орташа жөндеу — 3,5 шақырым;
  10. Құсшы ата елді мекенінен Әуежолға дейінгі жолды күрделі жөндеу жұмыстары — 7,5 шақырым.

Сонымен қатар, 2023 жылы ауданға қарасты аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, сараптамалық қорытындысымен сметалық құжаттама әзірленуде. Олар:

  1. КХ-61 «Оранғай-Қосқорған» 12 шақырымдық автожолын күрделі жөндеу жұмыстары.
  2. «Бабайқорған-Абай» 9 шақырымдық автожолын орташа жөндеу жұмыстары.
  3. «Шорнақ-Жібек Жолы-Ескі Сауран қалашығы» 15 шақырымдық автожолын орташа жөндеу жұмыстары.
  4. «КХ-84 автомобиль жолынан Үсенов ауылына кіре беріс 4 шақырым автожолын орташа жөндеу жұмыстары.
  5. «Самара-Шымкент автомобиль жолынан Құмтүйін ауылына кіре беріс 3 шақырым автожолын орташа жөндеу жұмыстары.
  6. «Бабайқорған-Игілік» 9 шақырымдық автожолын орташа жөндеу жұмыстары.
  7. «Майдантал-Қаражон» 6,3 шақырымдық автожолын орташа жөндеу жұмыстары.

– Сауран ауданының табиғаты ауыл шаруашылығын дамытуға ыңғайлы екенін білеміз. Агросектордың көсегесін көгерту үшін не істеп жатырсыздар?

– Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 388 843  гектарды құрайды. Оның ішінде суармалысы – 44441 гектар; жайылымдық жер – 344 402 гектар. Ауданда 1806 шаруа қожалығы мен заңды тұлғалар бар.

Аудан бойынша мал мен құс саны 793 708 басты құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108%-ға артқан. Нақтырақ тоқталсақ,

ірі қара — 104,4% (93 653 бас);

жылқы – 115,1% (18 737 бас);

уақ мал – 102,5 % (490 918 бас);

түйе – 108,8 % (3 635 бас);

құс – 128,7% (185 241 бас);

шошқа – 92,9% (1 524 бас).

Биыл 42 137,4 гектар егіс егіліп, өткен жылмен салыстырғанда 102,8 пайызға артық орындалды. Егістік жерлер Түркістан магистралды каналы және 9 су қоймасы мен тік дренажды ұңғымалар арқылы суарылады.

Ауданымызда көптен бері шешілмей келген мәселе – ағын судың тарифі екі түрлі болатын. Ескі Иқан ауылдық округіндегі «ИДЖЖЖ-2» (ПУИД-2) бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізген «Қазсушар» мекемесінің тарифтік бағасы 787,36 теңге болса, ішкі жүйелерге су беретін «Тұран су» мекемесінің тарифтік бағасы 251,19 теңге болған. Биыл осы мәселе шешіліп, жүйелер «Тұран Су» ШЖҚ МКК-нің теңгеріміне өтті. Ағын судың тарифтік бағасы 251,19 теңге болып белгіленді.

Сонымен қатар, иесіз мүлік болып келген «Майдантал» мен «Ырмақ» су қоймалары да «Тұран Су» ШЖҚ МКК-ның теңгеріміне өткізіліп, жөндеу жұмыстарына қаржы қаралуда.

Үш жақты келісім бойынша 1178,7 гектар жаңбырлатып суару технологиясын орнату тапсырмасы 1251 гектар орындалды (106 %). 200 гектар тамшылатып суару технологиясын орнату тапсырмасы 253 гектарға орындалды (127 %).

160 гектар қарқынды бау егу тапсырмасы 249 гектарға орындалды (156 %). 10 гектар жылыжай салу тапсырмасы 10,4 гектарға орындалды (100,4 %). 400 бас ІҚМ басын импорттау (аналық етті бағытта) тапсырмасы 231 бас орындалды (57,8 %).          18000 бас аналық ІҚМ тұқымдық түрлендіру тапсырмасы 9107 бас орындалды (50,6 %). 8000 бас бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу тапсырмасы 4685 бас орындалды (58,6 %). 5000 бас фермерлік шаруашылықтардың аналық ҰҚМ сатып алу жоспары (несиелендіру жолымен) тапсырмасы 5038 бас орындалды (100,8%).

Сауран ауданы бойынша «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бүгінгі күнге субсидия алуға 296 шаруа өтінім тапсырылып, мемлекет тарапынан жалпы құны 716,4 млн. теңге қаржылай қолдау алған.

300 млн. теңге тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялар тапсырмасы бүгінгі күнге 168,47 млн. теңге орындалды (56,2 %). 6 млрд. 300 млн. теңге ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар тапсырмасы, бүгінгі күнге 3 млрд. 727 млн. теңге инвестиция тартылды (59,2 %). Жыл соңына дейін үш жақты келісім бойынша берілген тапсырмалық көрсеткіштер толық орындалады. Алдағы уақытта жалпы құны 13 млрд. 847 млн. теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап, жер телімдерін қарастырудамыз.

Агроқұрылым атауы Орналасқан жері Мақсаты Жер көлемі, га Жоба құны
1 «ЯССЫ AGRO.KZ» ЖШС Шорнақ а/о Жеміс-жидек сақтайтын қойма құрылысы, егістік жерге жоңышқа, картоп, сәбіз дақылдарын өсіру және жоңышқадан гранула жасайтын зауыт құрылысын салу 800 4 млрд. 199 млн. теңге
2 «БНК Агро Kz» ЖШС Шаға а/о Әлеуметтік маңызы бар дақылдарын жаңбырлатып суару әдісін қолдану арқылы өсіру және оны сақтау қойма құрылысын салу жобасы

 

650 1 млрд. 648 млн. теңге
3 «Туркестан Агро XXI» ЖШС Шаға а/о Жаңбырлатып суару әдісін ендіру жобасы 600 1 млрд. 200 млн. теңге
4 «Туркестан Агро XXI» ЖШС Шаға а/о МТФ 46 6 млрд. теңге
5 «Иманқұл ата» шқ Үшқайық а/о Балық шаруашылығы 2 800 млн. теңге
  Жалпы жоба құны 13 млрд. 847 млн. теңге

 

Бұдан бөлек, «Агро Холдинг Сауран» ЖШС-нің жалпы инвестициялық жоба құны 165,5 млн. АҚШ долларды құрайтын, 1000,0 гектар жерге мал шаруашылығын дамыту мақсатында жоңышқаны қайта өңдеу және ет өндіру мен қайта өңдеу жобасы қарастырылуда.                                     

– Кәсіпкерлік саласы экономиканың локомотиві екені анық. Сауран ауданында шағын және орта бизнестің қанат жаюы қалай?

– 2022 жылдың 10 айында инвестиция көлемі 15,7 млрд. теңгеге орындалып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 168,5 пайызды құрады. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласы 2022 жылдың 10 айында көрсеткіші 6,8 млрд. теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 79,8 пайызды құрады. Ал, өңдеу өнеркәсібінде 2022 жылдың 10 айында  көрсеткіш 4,4 млрд. теңгеге орындалды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 71,2 пайызды құрады.

Сонымен бірге, 2022 жылдың 10 айында шағын және орта бизнес 5371 субъектіге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 196,6 пайызды құрады. Сондай-ақ, ішкі сауда статистикасы бойынша, 2022 жылдың 10 айында көрсеткіш 940,9 млн. теңгеге орындалып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100,9 пайызды құрады.

Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылдың 10 айындағы мәліметке сәйкес, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 адам 15,0 млн. теңге, АИО «Оңтүстік» микро қаржы ұйымынан 8 адам 660,3 млн. теңге және «ЫРЫС» микроқаржы ұйымынан 60 адам 250,0 млн. теңге несие алған. «Бизнес жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сауран ауданы Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «DIVALUX» ЖШС кәсіпорны 370,0 млн. теңге несие алды.

Осы жылы Иассы ауылдық округінде орналасқан «Sem Brend» жиһаз цехы, жоба құны 300,0 млн. теңге, 100 жаңа жұмыс орның қамтитын жоба іске қосылды (темірден жиһаз жасау 0,45 гектар).

Одан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан «GOLDEN Cotton» ЖШС кәсіпорны мақта талшықтарын қайта өңдейтін зауытын іске қосылды (40 жаңа жұмыс орны).

Сондай-ақ Жаңа Иқан ауылдық округінде жоба құны 600,0 млн. теңгені құрайтын 300 орынды жаңа мектеп «ДАРЫН КZ» ЖШС және  жоба құны 1 млрд. теңгені құрайтын 280 орынды жаңа мектеп «Жаңа Иқан» ЖШС-нің өз қаражасы есебінен пайдалануға берілді.

2023 жылға жоспарланған инвестициялық жобаларымыздың бірі азық-түлік белдеуін ұлғайту бойынша «TURKISTAN FRUIT» ЖШС инвестициялық жобасы, жоба құны 8 млрд. 533,0 млн. теңгеге «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына» енгізіліп, 2023 жылы ашылуы жоспарлануда (қара өрік егіп, оны өңдеп шырын шығарады, 400 гектар, 60 жаңа жұмыс орны ашылады).

Сонымен қатар, Оранғай ауылдық округінен «Балмұздақ» ЖШС кәсіпорны, жоба құны 2,5 млрд. теңге болатын қойма құрылысы (100 жаңа жұмыс орны), Иассы ауылдық округінен «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС кәсіпорны, жоба құны — 7,1 млрд. Теңге, күн сәулесінен энергия алатын құрылғылар орнату (20 жаңа жұмыс орны) және Шаға ауылдық округінен жеміс-жидек өнімдерін консервілейтін цех құрылысы, жоба құны — 400,0 млн. теңге (15 жаңа жұмыс орны).

– Сауран ауданында туризмді дамытуға да мүмкіндік мол секілді…  

– Аудан аумағында 52 тарихи-мәдени нысан орналасқан. Олар: Ескі Сауран қалашығы, Үкаша ата, Жылаған ата, Жүсіп ата және т.б. Аудандағы туризм саласын дамыту мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК тарапынан Ескі Сауран қалашығының аумағында жалпы құны 320 млн. теңгені құрайтын «Сапар орталығының» құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Ескі Иқан ауылдық округінде кәсіпкерлердің демеушілігімен (жалпы құны — 50 млн. теңге) «Сапар орталығы» ашылды. Әзірге ауданға келген туристер саны 65 мыңға жуық.

Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінде жоба құны 2 млрд. 200 млн. теңгені құрайтын емдік-сауықтыру және ойын-сауық қонақ кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл қонақүй жеке кәсіпкер Ерболат Төрежановтың жеке қаражаты есебінен іске асырылуда. Аталған қонақүй келер жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Әлеуметтік салада ауыз толтырып айтарлықтай қандай өзгерістер байқалады?

– Мемлекет кепілдендірген әлеуметтік қолдаулар тиісті мұқтаж азаматтарға көрсетіліп, жоспарланған қаржы есебінен іске асырылуда. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 45330, жұмыссыздар саны — 2289 адам. Жалпы, жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында жалдамалы қызметкерлердің саны – 16850, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар  26191 адамды құрайды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2022 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен 266 млн. 139 мың теңге, жергілікті  бюджеттен – 59 млн. 225 мың теңге, кепілдірілген әлеуметтік топтамаға республикалық бюджеттен 57 млн. 083 мың теңге, жергілікті бюджеттен 524 мың теңге қаралды.

2022 жылдың 10 айында 762 отбасының 4 620 адамына 244 млн. 588 мың 600 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 227 млн. 914 мың төлем жүргізілді.

Оның ішінде: шартты түрі бойынша 709 отбасының 4372 адамына 219948,1 мың теңге, шартсыз түрі бойынша 69 отбасының 337 адамына 224640,5 мың теңге теңге тағайындалған. Атаулы әлеуметтік көмек алушы 4620 адамның ішінде еңбекке жарамды 1331 адамы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-3 жас аралығындағы 551 бала, 3-6 жас аралығындағы 591 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен, сонымен қатар, 1-6 жас аралығындағы 1142 бала тұрмыстық химия тауарлар жиынтығымен қамтамасыз етілді. 

«Қамқорлық» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен  жыл  басынан 38 отбасына 3931,0 мың теңге материалдық қаржылай көмектер көрсетілді. Жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету бойынша 8 адам тұрақты, 8 адам қоғамдық жұмыстарға орналасқан.

Осы ретте «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту» Ұлтық жоба аясында 2022 жылы жұмыспен қамту шараларына қатысушылардың саны және қаралған қаржының жоспарын да айта өтейін. 2021 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталды. 2022 жылы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған, бекітілген «Ұлттық жобасы» шеңберінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Ұлттық жоба бойынша бірқатар іс-шаралар іске асырылып бірнеше жоспарлар жүзеге асырылды. Атап айтатын болсақ, былтыр Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазіргі «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту» Ұлтық жоба шеңберінде атқарылатын жұмыстарды салыстыратын болсақ, біршама жоғарғы көрсеткішке қол жеткізілді. Аудан бойынша 2021 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,2% болса, ағымдағы жылға жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ға төмендеді. Жұмыссыздар саны 2021 жылға 2964 болса, ағымдағы жылға 2289 адамды құрап, 77,2%-ға төмендеді.

2022 жылдың 1 қарашасына дейін 5532 адам әлеуметтік шаралармен қамтылған болса, былтырғы (2021 жылы 1481 азамат қамтылған) көрсеткішпен салыстырғанда 373% пайыз орындалып отыр. Оқу орнында жұмыссыздарды қысқа мерзімге оқытуға 30 орын жоспарланған, қамтылғаны — 30 адам, орындалуы — 100 пайыз.

Жұмыс орнында оқытуға 13 орын жоспарланған, қамтылғаны — 30 адам, орындалуы -100 пайыз. Еnbek.kz платформасы бойынша онлайн оқытуға 110 орын бөлінген, қамтылғаны — 50 адам, орындалуы — 45 пайыз.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 170 орын жоспарланған, жолданғаны — 215 азамат, орындалуы — 126,4 пайыз. 2021 жылы болмаған.

Жастар практикасына 340 орын жоспарланған, қамтылғаны — 426 азамат, орындалуы — 125,2 пайыз. 2021 жылы 92 азамат қамтылған. Осы жылмен салыстырғанда 463 пайызға орындалып отыр.

Қоғамдық жұмыстарға 1000 орын жоспарланған, қамтылғаны — 1399 адам, орындалуы — 139,9 пайыз. 2021 жылы 379 азамат қамтылған. Осы жылмен салыстырғанда 370 пайызға орындалып отыр.

«Алғашқы жұмыс орындары» 22 орын жоспарланған, қамтылғаны — 43 адам, орындалуы 195,4 пайызды құрап отыр. 2021 жылы болмаған.

«Күміс жас» жобасына – 30 орын жоспарланған, қамтылғаны — 36 адам, орындалуы -120 пайыз. 2021 жылы болмаған.

Мемлекеттік грантқа 173 орын жоспарланған. Қазіргі таңға комиссия шешімімен 183 азамат мемлекеттік грант иегері болды, орындалуы — 105,7 пайыз. 2021 жылы 35 азамат қамтылған. Осы жылмен салыстырғанда 522, пайызға орындалып отыр.

«Бизнес бастау» жобасы аясында  180 адам жоспарланған, жолданғаны — 964 азамат, орындалуы — 535,5 пайыз.

Тұрақты жұмыс орындарына 2337 орын жоспарланған, жолданғаны — 2038 адам, орындалу пайызы 87,2%-ды құрап отыр. 2021 жылы 612 азамат қамтылған. Осы жылмен салыстырғанда 330 пайызға орындалып отыр.

Бос жұмыс орындарына 1257 адам және жаңа жұмыс орындарына 781 адам жолданды. Интеракциондық жеке бастама бойынша 809 жаңа жұмыс орындары ашылды. Өңірлік карта бойынша 304 жаңа жұмыс орындары ашылып, 256 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жалпы жоба бойынша мүмкіншілігі шектеулі 117 адамды жұмыспен қамту жоспарланған, бағдарламалар бойынша 190 мүмкіншілігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды. 2021 жылы 40 азамат қамтылған. Осы жылмен салыстырғанда 475 пайызға орындалып отыр. Тұрақты жұмыс орындарына 67 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 3 адам, жастар практикасына 7 адам, қоғамдық жұмыстарға 52 адам, бизнес бастау жобасы бойынша 44 адам, мемлекеттік грантқа 14 адам, қысқа мерзімді оқуға 3 адам қамтылды.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» бойынша 2022 жылдың 1 қарашасына дейін орталық арқылы атаулы әлеуметтік көмекке 762 отбасының 4620 адамына 244 388 мың теңге тағайындалып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолданды. Оның ішінде: Шартты түрі бойынша 709 отбасының 4372 адамына 219 948 мың теңге тағайындалған. Шартсыз түрі бойынша 69 отбасының 337 адамына 24 640 мың теңге тағайындалған.

Сауран ауданында игерілмей, яғни пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жерлерді анықтау өз нәтижесін көрсетіп жатыр ма?

– Сауран ауданының жалпы аумағы 721,745 гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жерлері  – 388 843  гектар. Оның ішінде суармалысы — 44 441 гектар, жайылым — 344 402 гектар. Елді мекен жерлері – 62 273 гектар; Өнеркәсіптік көлік, байланыс, қорғаныс жерлері және а/ш басқа  мақсаттарда пайдаланылатын жерлер — 6729  гектар; Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері — 39424 гектар; Орман қорының жерлері – 66 145  гектар; Су қорының жерлері – 2 428  гектар; Арнайы жер қорының жерлері — 155 903 гектар.

Сонымен қатар, Сауран ауданынан Кентау қаласына 75 мың 552 гектар және Түркістан қаласына 4831 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер облыстық мәслихаттың шешімі беріліп, Үкіметтің қарауында.

Облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан аудан көлемінде 2022 жылға Сауран ауданына бекітіліп, берілген ортақ жайылымға жоспар болжамы жалпы:  48,5 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға бекітіп беру, 78,4 мың гектар меморандум арқылы беру жоспарланған.

Жаңа Иқан, Жібек жолы, Майдантал, Оранғай, Бабайқорған, Ескі Иқан ауылдық округтері аумағынан 259 жер иелеріне тиесілі 27 973,7 гектар жер учаскесі мемлекет мұқтаждығына алынып, аталған ауыл округтерге ортақ жайылым үшін қаулы қабылданып, сәйкестендіру актісі рәсімделуде. Бұдан бөлек, 8 ауылдық округте 22,6 мың гектар жер телімдері ортақ жайылымға бекітіліп, сәйкестендіру актісі рәсімделген.

Аудан көлемінде 145 жер иеленушімен (алаңы 32,3 мың гектар) келісімшарт түзумен меморандум арқылы ортақ жайылымға келісілді. 2022 жылға бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, атқарылатын ортақ жайылым іс-шаралар жоспары жыл соңына дейін орындалады.

Сауран ауданында игерілмей, яғни пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жерлер «Қазақстан ғарыш сапары ҰК» акционерлік қоғамының заман талабына сай космомониторинг жүйесі арқылы анықтау бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда «Қазақстан ғарыш сапары ҰК» акционерлік қоғамының алғаш рет космомониторинг жүйесі арқылы Сауран ауданында нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 12 жер пайдаланушының жер учаскесі (жалпы алаңы: 1272,67 гектар) анықталып, зерделеу мақсатында егістікті анықтау  актісі түзіліп, нәтижесі бойынша «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару» департаментіне өз құзыреті шегінде шара көру үшін жолданды.

Сонымен қатар, арнайы жер қорына қайтқан жерлер бойынша Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жерлерді ҚР Жер кодексінің 82-бабына сәйкес өз еркімен қайтару бойынша 48 жер иеленуші тиесілі 8391,63 гектар жер телімі, мерзімі аяқталған 233 жер иеленушіге тиесілі 15 391.9 гектар жер телімі, Жасыл белдеу аумағына енген 106 жер пайдаланушыға тиесілі 3443.3 гектар жер учаскесі арнайы жер қорына алынып, жалпы көлемі 27 226.83 гектар жер учаскесін құрап отыр.

Енді Түркістан қаласының айналасынан «Жасыл белдеу-2» құру мақсатында жоспарланған жер телімдері туралы тілге тиек етсем. «Жасыл аймақ» КММ-сі тарапынан жерге орналастыру жобасы әзірленіп, жалпы 12 381,03 гектар жер теліміне Сауран ауданы әкімдігінің мемлекет мұқтаждығына алудың басталуы туралы қаулысы қабылданған. Осы ретте 6193,62 гектар жер учаскесіне «Жасыл аймақ» КММ-сі мемлекеттік АКТ алған. Оның ішінде 6187,41 гектар жер учаскесінің ішінен қора жайлары бар, жеке меншік, «Жасыл аймақ» КММ-сі тарапынан ағаш көшеттері отырғызылып қойылған 745,64 гектар жер учаскесіне бағалау жұмыстары жүргізіліп, құжаттары толық жинақталып, жалпы суммасы 577 млн 151 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілген. Қалған 5441,77 гектар жер учаскесіне тең көлемде немесе баламалы жер ұсынылуда. Алайда, аталған жер телімдерінің жанында жер иелерінің қора жайлары орналасуына байланысты біршама мәселелер туындауда.

– Мәдениет және спорт саласында қандай ілгерілеу бар?

– Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Мәдениет үйі» ММ-сі, «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-сі, «Тілдерді оқыту және дамыту» ММ-сі, «Сауран аудандық спорт клубы» ММ-сі құрылды. Мәдениет саласы бойынша аудан көлемінде түрлі тақырыптық 473 іс-шара ұйымдастырылып, өз деңгейінде мерекелік және жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізіліп келеді. 2021 жылдың 10 айында 329 іс-шара өткізілсе, 2022 жылдың 10 айында 470 іс-шара өткізілді.

Аудан кітапханаларында жалпы 305 мың кітап қоры бар. Ересектерге және балаларға арналған салт-дәстүрімізді дәріптейтін 179 танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың қазан айында 2 рет облыстық «Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен ауданда орналасқан кітапхананың кітапханашыларына іс-тәжірбиелік семинар өткізілді.

2021 жылдың 10 айында 112 іс-шара өткізілсе, 2022 жылдың 10 айында 179 іс-шара өткізілді.

«Сауран ауданының тарихи-мәдени құндылықтары мен туристік әлеуеті және тілге қатысты кейбір мәселелер» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 21 қазан күні «Сауран ауданының тарихи-мәдени құндылықтары мен туристік әлеуеті және тілге қатысты кейбір мәселелер» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда арнайы шығарылған кітаптың тұсаукесері ұйымдастырылды.

55 ересек тұрғындар мен мемқызметшілерге ағылшын тілінен сертификаттар табысталды.

2021 жылдың 10 айында 1 аудандық семинар өткізілсе, 2022 жылдың 10 айында 6 семинар өткізілді.

Ономастика мәселесіне келсек, аудан көлеміндегі ономастикалық нысандардың тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды зерделеу және пысықтау мақсатында құрылған жұмыс тобы аудан көлемінде жұмыс атқаруда. Атап айтқанда: Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ибата елдімекенінің 11 көшесіне, Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Абай елді мекенінің жаңа көшелеріне (8 көшеге),  Жібек Жолы ауылдық округіне қарасты «30-разъезд» елді мекеніне «Ескі Сауран» елді мекені, Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты «Достық» елді мекеніне «Мәшһүр Жүсіп» елді мекені деп қайта аталып, «Елді мекен» статусын беру үшін тиісті құжаттар рәсімделіп, облыстық әкімдік пен облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 20 қыркүйектегі №17/207-VII бірлескен шешімімен бекітілді.

Аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 12 мектепке атау беру және қайта атау үшін тиісті құжаттар рәсімделіп, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №741 қаулысымен бекітілді. 12 ауылдық округтің барлығы тарихи жер-су атауымен, 35 елді мекеннің 30-ы тарихи жер-су атауларымен, 6 кісі есімімен аталады. 489 көшенің 345 кісі есімдерімен, 145 тарихи жер-су атауларымен аталған. 41 мектептің 16 тарихи жер-су атауымен аталған, 25 кісі есімімен аталған.

Мәдени мұра бойынша Сауран ауданында орналасқан 54 нысан бар. Аталған нысандар — «Әзірет-Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы» ММ-нің теңгерімінде.

Спорт туралы бірер сөз. Аудан көлемінде бұқаралық спортты дамыту бойынша әр ауылдық округте спорт нұсқаушылары тағайындалып, дамытуды тұрақты түрде жүргізуде. Оранғай ауылдық округінде «SAMRUK KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры есебінен бір спорт кешені берілді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары жеке кәсіпкерлер есебінен Ескі Иқан ауылдық округіндегі М.Юлдашев, Қарашық ауылдық округіндегі «Қарашық-1» атындағы спорт кешендері ауыл тұрғындары үшін пайдалануға берілді. 2022 жылдың басынан бүгінгі таңға дейін спортпен шұғылданушылардың саны — 40458 адамды, яғни аудан халқының саны 37,9 пайызын құрайды. Сонымен қатар, 5 елді мекенге спорт алаңшалары мен воркаут алаңдары салынып, пайдалануға берілді. Жалпы, клубта 19 спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Олардың барлығы облыстық, аймақтық деңгейде өткізілді.

– Сауран ауданындағы білім саласының халі нешік?

– Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелерінің саны — 87. Оның ішінде: 46 мектеп (36-сы — жалпы орта, 3-і — негізгі, 7-і — бастауыш), 41 балабақша (13-і — мемлекеттік, 28-і — жекеменшік). Сонымен бірге, 7 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс істеп тұр. Мектептерде ұзын-ырғасы 25528 оқушы білім алуда. Жалпы, мектепке дейінгі мекемелерде 4908 бала тәрбиеленеді немесе жалпы қамтылуы тиіс баланың нақты 99%-ы қамтылып отыр. 2021 жылы Шаға ауыл окуругінен 300 орындық №13  жалпы орта мектеп, 2022 жылы Ескі Иқан ауыл округінен 300 орындық №1 жалпы орта мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2022 жылы 3 жекеменшік балабақша ашылды.

«Жайлы мектеп» бойынша ауданда 7 мектептің құрылысына арнайы жер орындары белгіленіп, құжаттары рәсімделуде. Мәлімет үшін айта өтейін, 2023-2025 жылдар аралығында:

1) С.Қожанов елді мекені 300 орын – 2023 жылы,

2) Еңбекші дихан елді мекені 600 орын — 2023 жылы,

3) Аша елді мекені 900 орын – 2023 жылы,

4) Ынталы елді мекені 900 орын — 2024 жыл,

5) Құмтүйін елді мекені 900 орын — 2024 жыл,

6) Қарашық елді мекені 600 орын — 2024 жыл,

7) Ескі Иқан елді мекені 2000 орын — 2024 жыл.

– Денсаулық саласы бойынша түйткілдер жоқ па?

– Аудан бойынша 13 дәрігерлік амбулатория, 13 фельдшерлік акушерлік пункт, 4 медициналық пункт бар. Ауданда 126 дәрігер, 571 орта буын қызметкер, 63 кіші буын қызметкер, 107 маман қызмет етуде. «Mindray» компаниясымен келісімшарт негізінде  Сауран аудандық емханасынан қыркүйек айынан бастап зертхана бөлімі құрылып, жұмыс жүргізуде. Шорнақ БМСККО–да жаңа зертханалық аппаратпен гематологиялық, клиникалық химиялық, коагулологиялық, серологиялық, ИФТ әдісімен зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Ескі Иқан БМСККО, Оранғай ДА, Қарашық ДА құрылымдық бөлімшелерінде жаңа зертханалық аппаратпен гематологиялық, клиникалық химиялық зертханалық зерттеулер жүргізіледі. 4-жеделділік санатындағы шақыртуларға Шорнақ БМСККО, Ескі Икан БМСККО, Оранғай ДА, Жүйнек ДА мекемелерінен 4 жедел медициналық жәрдем бөлімшесі құрылып, қызмет көрсетуде. Созылмалы ауруларды басқару бағдарламасы негізінде артериальді гипертония, қант диабеті, созылмалы жүрек шамасыздығы диагноздарымен есепте тұратын науқастарға динамикалық бақылау жүргізу мақсатында Ескі Иқан БМСККО–дан Ауруларды басқару бағдарламасы кабинеті жасақталды.

Жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру мақсатында Ескі Иқан БМСККО-дан «Жастар денсаулық орталығы» құрылды. Шалғай елді мекендердегі халыққа  медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында жылжымалы медициналық кешен кестеге сәйкес, жұмыс атқарады. Кешен Флюрография, УДЗ, зертханалық аппараттармен, арнайы мамандармен толықтырылған. Емханада қосымша жылжымалы автокөлікте рентген құрылғысы жұмыс істейді. Шорнақ БМСККО ғимаратында жаңа флюрографиялық аппарат орнатылуда. Емхана травматолог-ортопед, уролог, инфекционист, пульмонолог мамандарымен қамтамасыз етілді.

Сауран аудандық емханасының жаңа ғимаратына аудандық әкімдік тарапынан 8,9 гектар жер бөліп беруге шешім шығарылған, қазіргі таңда ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Сауран аудандық емханасына қарасты Жалаңтөс МБ, Шаға ФАБ, Құсшыата ФАБ мекемелеріне жаңа ғимарат соғуға сұраныс беріліп, құжаттары рәсімделуде.

Қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесі хақында да мағлұмат бере кетсеңіз.

– Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында аудан көлемінде полиция бөлімшесіне жергілікті бюджеттен қажетті материалдық құрал-жабдықтар алуға (20 млн. теңгеге рациялар алуға) конкурс берілді. Сонымен қатар, ауылдық округтерде учаскелік полиция бекетін салу мақсатында арнайы жер қарастырылып, жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері жалпы саны 295 қылмыстық іс тіркелген, оның 183-і тергеумен, 112-сі анықтаумен тіркеліп отыр. Өндірістен аяқталғаны – 87 қылмыстық іс, оның ішінде 60-ы — қылмыс, 27-сі — теріс қылық.

Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда (Сауран аудандық полиция бөлімі 2021 жылдың 16 маусымында құрылған) 66 қылмыстық іс тіркелген, оның 40-ы — тергеумен, 26-сы анықтаумен тіркелген. Өндірістен аяқталғаны — 13, қылмыс бойынша 13-і тіркелген.

Ағымдағы жылы аудандық полиция бөлімінің құрылымдарымен қоғамдық және жол қауіпсіздігін криминогенді аумақтар күшейтіліп, жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, «Көрші назары», «Тұрғын үйлерді күзет агенттігіне өткізу» тақырыбында кездесулер өткізілді.

– Ғани Құрмашұлы, уақыт тауып, жан-жақты деректер мен дәйектерді келтіре отырып әңгімелескеніңіз үшін рахмет! Жаңа ауданның дамуы жолында жұдырықтай жұмылып еңбек ете бергейсіздер! Сәттілік!

Сұхбаттасқан: Т.ЕСЕНБАЙҰЛЫ.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 270 Comments

  1. buy amoxicillin from canada generic amoxil 500 mg or can we buy amoxcillin 500mg on ebay without prescription
    http://katiefreudenschuss.com/termin.php?veranstaltung=freudenschuss+plus&tag=mo&datum=19.12&zeit=20%3A00&location=hamburg&stadt=schmidt+theater&info=freudenschuss+plus…%0D%0A%0D%0A…ist+wie+ein+gelungener+abend+mit+guten+freunden.+ehrlich%2C+spontan+und+voller+%DCberraschungen.%0D%0Akatie+freudenschuss%2C+s%E4ngerin%2C+musikerin+und+sachensagerin+aus+hamburg%2C+liebt+es+gastgeberin+zu+sein.+in+ihrer+brandneuen+show+l%E4dt+sie+nun+k%FCnstler+und+k%FCnstlerinnen+auf+ihr+sofa+und+die+showb%FChne+ein%2C+um+in+hamburgs+bekanntestem+kieztheater+gemeinsam+mit+ihnen+einen+fulminanten+abend+zu+erleben.%0D%0Ain+heimeliger+atmosph%E4re+wird+gesungen%2C+getrunken%2C+geplaudert%2C+improvisiert+und+musiziert%2C+und+das+publikum+ist+ganz+nah+mit+dabei.%0D%0Azu+%84freudenschuss+plus%85%93+kommt+man+als+gast+und+geht+als+freund.%0D%0Adiesmal+dabei%3A+regy+clasen%2C+carrington-brown+und+rolf+clausen&url=amoxicillin.bid%20 amoxicillin 775 mg
    order amoxicillin online uk amoxicillin 500mg capsules price and amoxicillin 500 mg amoxicillin 500 mg tablets

  2. Canada is a gambling-friendly country with lots of opportunities for players. It’s one of the most developing markets, similar to the United States and other countries where operators get licences and can provide safe services. Plus, when you want your withdrawal request to be processed without delay, fast-paying Canadian online casinos are the right choice. By the way, Canadians can request cashouts even via apps. Just visit the top sites from our ratings, pick a banking method with the fastest cashout time, and withdraw your money with ease! This list of fast payout online casinos is partial. If you want to find more reputable casinos you can check sure.bet. However, the six we have broken down are the best place to start in your search for the right casino. Make sure to do plenty of research to determine which options will be best for your unique needs, and get ready to enjoy playing in the world’s best fast-withdrawal casinos.
    http://troytvvu739.bearsfanteamshop.com/play-live-dealer-andar-bahar-online
    Bubble Cube 2 has different game modes that allow you to play for free or in tournaments for free money. The game is the same across all game modes, but you can only win cash prizes in modes that require a cash balance to play against other players. This includes head-to-head battles, challenges, brackets, and tournaments. © Copyright 2023 KrackWins LLC – Sports Betting App | All rights reserved Online casino should be secure and offer nice sign-up benefits like cash deposit or free spins and extra in-game features. Casino free spins bonuses are exactly what they sound like. You’ll get the chance to spin the reels in slots games a given number of times for free! Playing slots with free spins still gives you the chance to win real prizes, plus you can practice without risking your own hard-earned cash.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.