
Оқу-ағарту министрлігі 25 жылдан астам еңбек өтілі бар ұстаздарға «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісін тағайындауды жоспарлап отыр.
«Мемлекет басшысы педагогтерді қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. Президенттің тапсырмасы бойынша жалақыны көбейту, мұғалімдерді есеп беруден және міндетіне жатпайтын артық функциялардан босату бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Қазір біз салалық ынталандыру жүйесін бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізуге бастама жасадық.
«Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне беріледі. Төсбелгі 25 жылдан астам уақыт бойы ұстаздық еткен мұғалімдерге беріледі. Осылайша, өз ісіне адал, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға зор үлес қосып жүрген ұстаздарды ынталандырғымыз келеді», – деді Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова.
216542 634054Admiring the time and effort you put into your internet site and in depth details you offer. It is very good to come across a weblog every once in a whilst that isnt the same out of date rehashed material. Excellent read! Ive saved your website and Im including your RSS feeds to my Google account. 152235
603193 121329I genuinely thankful to locate this website on bing, just what I was seeking for : D too bookmarked . 66029
776451 522377Appreciate it for helping out, superb details. 434242