ҚАЗЫҒҰРТ: «БІЛІМДІ ҰЛТ:ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ ҚАСИЕТ»ТАҚЫРЫБЫНДА ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Бүгін Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»тақырыбында «Мәдениет үйінде» аудандық педагогикалық тамыз кеңесі өтті.

Тамыз кеңесіне Қазығұрт ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы,Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Бекжанов Еркін Жорабекұлы, аудандық мәслихат хатшысы Көпеев Өріс Бұхарұлы , аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Уисимбаев Асан Тлеубердіұлы ,«Өрлеу»біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіби даму институты» филиалы директордың инновациялық білім беру жөніндегі орынбасары Ахтаев Мухтар Бексултанұлы және кәсіподақ кеңесінің өкілі,мектеп басшылары мен педагогтер қатысты.

Алғашқы сөзді Қазығұрт ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы және Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Бекжанов Еркін Жорабекұлы кеңеске қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, биылғы білім саласындағы атқарылған бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті.

Кеңес модераторы Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Уисимбаев Асан Тлеубердіұлы «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстар мен жаңа оқу жылындағы міндеттемелермен таныстырды.

Алқалы жиын барысында «Мұғалімдердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту курстарының ерекшеліктері» тақырыбында, «Өрлеу»біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіби даму институты» филиалы директордың инновациялық білім беру жөніндегі орынбасары Ахтаев Мухтар Бексултанұлы баяндама жасады.

Іс-шара соңында өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде қолжеткізген табыстары мен білім саласына сіңірген еңбектері үшін бірқатар педагогтар «Оқу-ағарту министрлігінің «Алғыс хаты», адами әлеуетті дамыту басқармасының «Алғыс хаты»,Қазығұрт аудан мәслихатының «Алғыс хаты», Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.