ҚАЗЫҒҰРТ: Бүгін 7 — қазан күні Қазығұрт ауданында балабақша басшыларының қатысуымен арнайы жиын өтті.

Балабақша басшылары Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №185 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы тек қана 3-6 жас аралығына қамтылуына өз қарсылылықтарын білдіруде.

Себебі қаулыға сәйкес қазір Қазығұрт ауданында 1-3 жас аралығында 3000 ға жуық бала балабақшасыз қалуы мүмкін. Оның арқасында 335 қызметкер жұмыс істеуге мүмкіндіктері болмай табыссыз қалуы мүмкін.

Түркістан облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, яғни 2-6 жас аралығындағы балаларға балабақшаға деген сұраныс өте жоғары екенін ескере отырып, 2-6 жас аралығындағы балаларды қаржыландыру мәселесін қарастыруды ұсынамыз.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.