ҚАЗЫҒҰРТ: Жамбыл атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде қыздар арасында » Өмір жолында кезігетін қиындықтарды жеңудің жолы» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Жамбыл атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде қыздар ұйымының төрайымы Атабаева Ақмаралдың ұйымдастыруымен 7,8,9,10 сынып қыздар арасында » Өмір жолында кезігетін қиындықтарды жеңудің жолы» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Мақсаты:Кез — келген адамның өмірінде қиын кезеңдер туындауы мүмкін. Бірақ оның бәрі – өтпелі кезең екенін түсіндіру. Қатысқандар: мектеп психологы Сайдбекова Элмира, әлеуметтік педогог Махатова Фарида, ҚББП Айдарханова Айжан апайларымыз қатысып, қиындықтан шығудың оңай жолдарын айтып өтті. Мектеп психологы Сайдбекова Элмира апайымыз қыздарға сергіту сәті есебінде, ойын ұйымдастырып, қыздарымызға көңіл — күй сыйлады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.