Түркістан облысы Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Жамбыл атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 05 қазан күні ҚББП Айдарханова Айжан мен «Ақиқат » дебаттық клубының жетекшісі Абдрахманова Айнұрдың ұйымдастыруымен 9-10 сыныптар арасында «Қазақстан Республикасында білімді жастардың шетелге кетуін шешудің тиімді жолдарын көрсетеді » тақырыбында дебат турнирі болып өтті. Пікірсайыстың мақсаты: білім алушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру толық жүзеге асыру және де шетелге кетіп жатқан мамандарды тоқтатудың бір жолы — еліміздегі өмір сүру сапасын арттыру, керек екенін айтып өтті.