ҚР вице-премьері Тамара Дүйсенованың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында маңызды мәселелердің түйіні тарқатылды

ҚР вице-премьері Тамара Дүйсенова Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Президенттің Жолдауында жарияланған әлеуметтік бастамалардың орындалу жолдарын зерделеді. Жұмыс сапарында өңірде Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыруға қажетті жағдайлардың жасалғанын атап өтті.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім саласын жақсарту бағытындағы жұмыстарды баяндады.

Облыста 5 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Бұл мәселені «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы шешу жоспарлануда. Жаңа мектептің құрылысы Түркістан қаласындағы «Жаңа қала» шағынауданында жүргізіліп жатыр. Мұнда тұрғын үй құрылысын белсенді жүргізу мектептерге жүктемені арттыруда. Жаңа мектептің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. 2000 орындық нысан қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Тамара Дүйсенова оқушылар үшін білім нысанын аралап, оқушыларға жасалатын жағдайлармен танысты. Білім ұясы оқу кабинеттері, спорт залдары мен асхана, сондай-ақ қауіпсіздік жүйесімен, турникеттер мен бейнебақылау камераларымен қамтылған.

«Балалардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалуы керек. Мұғалімдерге, олардың біліктілігіне ерекше назар аударған жөн. Президент білім беру саласына ерекше көңіл бөліп келеді және осы мақсатта ұлттық жоба басталды. Ол өзінің Жолдауында «Жайлы мектептерді» басқару моделін құру қажеттігін атап өтті. Осы бағытта жұмыс жүреді», — деді Тамара Дүйсенова.

Вице-премьер сонымен қатар облыс орталығындағы №28 мектепке де барып, орта білім беру саласындағы цифрлық шешімдермен танысты. Мысалы, «Алақан» жүйесі оқушыларға биометриялық бақылау арқылы ғимаратқа кіруге, асхана мен кітапхананы пайдалануға мүмкіндік береді. Ол балалардың жеке деректерінің қорғалуына да назар аударды.

Президент өз Жолдауында келесі жылдан бастап «Әлеуметтік әмиян» механизмін енгізуді тапсырды. Облыста мектеп оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін осы жобаны қолдану бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру үшін ваучерлік қаржыландыру жобасы ұсынылды. Бұл жағдайда ата-аналар балаларын балабақшаға емес, жергілікті бюджеттен бөлінген ваучерлерге кезекке тіркейді. Еркін орын таңдау арқылы «ақша – қызмет алушыға» принципі жүзеге асырылады.

Сапар барысында Тамара Дүйсенова Шәуілдір ауылындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының жұмысымен танысты. Мұнда «Жұмысшы мамандықтар» көрмесі ұйымдастырылды. Онда 12 колледжде өндірілетін өнімдер көрсетілді, оның ішінде балық өнімдері, ветеринарлық техника, роботтар және металл өңдеу өнімдері бар.

Сапар аясында облыста білім сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Мәжілісті облыс әкімі Дархан Сатыбалды жүргізіп отырды.

Кеңеске мектеп директорлары мен колледж басшылары қатысты. Өңірде Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде мектептермен кешенді жұмыс жүргізілуде. Халықаралық және ішкі зерттеулер нәтижелері бойынша білім беру нысандары 3 санатқа бөлінді. Әр санат үшін KPI анықталды. Түркістан облысында 280-ден астам мектеп «Мақсатты мектептер» ретінде белгіленді. Олар министрлік жанындағы институттармен әдістемелік көмек алады. Бұл мектептердің мұғалімдерін үш деңгейлі оқыту қарастырылған.

Президент өз Жолдауында ттехникалық және кәсіби білім беру саласын трансформациялау міндетін қойды. Кеңесте осы бағытта қабылданатын шаралар туралы айтылды. Мысалы, жан басына қаржыландыру нормативі қайта қаралып, базалық және ынталандырушы бөлікке бөлінеді. Халықаралық стандарттарды енгізген және түлектерін жоғары жалақы төленетін жұмыс орындарына жұмысқа орналастырған колледждер жоғары қаржылай қолдау ала алады. Мұндай оқу орындарының мысалы ретінде Талдықорған қаласындағы Политехникалық колледжін атауға болады. Ол білім ұясы NCCER стандарттарын енгізу тәжірибесімен бөлісуге дайын.

«Баланы балабақшадан бастап, колледжге дейін жан-жақты дамыту керек. Бұл – біздің негізгі міндетіміз. Балабақшалар мен бастауыш сыныптардағы бағдарламаларды синхрондау, жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру, оқу барысында салалық стандарттарды енгізу және басқа да шаралар балалардың тұлғасын дамытуға бағытталған. Колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие болуы керек», — деп атап өтті ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

Атап өту керек, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласында бірқатар міндет қойды. Жыл соңына дейін Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін цифрландыруды аяқтау, ал келесі жылдың соңына дейін бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйені енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Түркістан облысының бірқатар ұйымдары басшыларымен өткен кеңесте айтты.

Өңірге жұмыс сапары барысында Тамара Дүйсеноваға дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесі көрсетілді. Дәрі-дәрмектер қозғалысы елге әкелінген және өндірілген сәттен бастап пациент немесе сатып алушы дәріханалар арқылы алғанға дейін нақты уақыт режимінде бақыланады. Аталған тізбектегі қоймалардың бірі Түркістан қаласында орналасқан. Айта кетейік, жүйе енгізілгелі бері мұнда 13 түрлі отандық дәрі-дәрмектің 1,5 мыңнан астам қаптамасы қабылданған. Осы жерден олар облыстың емдеу мекемелеріне жіберіледі. Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында препараттарды стационарда қабылдау және пайдалану процесі көрсетілді.

Вице-премьер емдеу мекемесінің жұмысымен танысып, емделушілермен әңгімелесті.

Аурухана базасында өткен жылдан бастап оңалту орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтың қызметтерін операциядан шыққан, инсульт алған және басқа да науқастар пайдаланады. Мұнда 400-ден астам адам тегін курстармен қамтылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылып келеді. Бағдарлама аясында Түркістан облысында 49 МСАК нысанының құрылысы қарастырылған. Олардың бірі Махамбет Өтемісов ауылында тұрғызылып, тек айналасын абаттандыру жұмыстары қалған.

Жұмыс сапары аясында вице-премьердің төрағалығымен өңірде денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде кеңес өтті. Оған жауапты Министрліктің, Міндетті медициналық сақтандыру қорының өкілдері, облыстың медициналық ұйымдарының басшылары қатысты. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау аясында медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру мәселелері де сөз болды.

«Медицина аурудың алдын алу үшін жұмыс істеуі керек. Яғни, бізге сапалы және уақтылы диагностика қажет. Емхана дәрігерлері атқарар жұмыс көп. Емдеу мекемесіне бекітілген азаматтарды өзектендіру қажет. Сонымен қатар жүйеге сақтандырылмаған адамдарды тарту маңызды. Бұл шаралар Мемлекет басшысы қойған міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік береді», — деді Тамара Дүйсенова.

Жуырда Президент халыққа Жолдауында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасына оң баға берді. Жеңілдетілген несиенің артықшылығын Түркістан облысының ауыл тұрғындары да көрді. Солардың бірі, Сауран ауданы Оранғай ауылынан Бабыр Насыров дәнекерлеу және жиһаз цехын ашқан. Осы мақсатта ол 5 млн теңге көлемінде несие алды. Сатып алынған жабдықтың көмегімен ол құрылыс үшін металл конструкциялар, жиһаз жасайды.

«Қазір менде тұрақты негізде 12 адам жұмыс істейді. Тапсырыстар көп болған кезде қосымша адамдарды тартамын. Өнімге деген сұраныс өте үлкен. Сондықтан жақын арада өз ісімді кеңейтуді жоспарлап отырмын», — дейді кәсіпкер.

Ауылдың тағы бір тұрғыны Бахадир Израилов жоба арқылы ауласында мал бордақылау алаңын ұйымдастырды. Жергілікті кооператив мүшелеріне мал азығы төмендетілген бағамен беріледі. Жалпы ауданда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысы жолға қойылған. Берілген егіс алқаптарында бидай, жоңышқа, жүгері өсіріледі. Қазығұрт ауданы Айнатас ауылында ауыл тұрғындарының өнім көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі назар өнімді қайта өңдеуге аударылды. «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарына өз ісін түрлі бағытта ашуға мүмкіндік берді. Біреуі жартылай фабрикаттар, екіншісі ұлттық киімдер мен ат әбзелдерін шығарады. Түйеқұс жұмыртқаларын сатумен айналысқандар да бар.

Қалдықтарды қайта өңдеушілер ерекше назар аудартты. Мысалы, Амантай Аңдасов пластикалық қалдықтардан түрлі тұрмыстық керек-жарақтар жасайды. Тағы бір тұрғын қағаз қоқыстан лотоктар өндіруді жолға қойса, тағы бір қатысушы ағаш қалдықтарынан көмір өндіріп жүр. Вице-премьер жобаларға жоғары баға беріп, бұл «Таза Қазақстан» бағдарламасының жақсы жалғасы болуы мүмкін екенін атап өтті.

Бизнес бастауға берілген өтеусіз гранттар да оң нәтижеге жетелейді. Мысалы, Есбол Ерден биыл станокқа қол жеткізіп, ол үшін шамамен 1,5 миллион теңге алған. Металдан түрлі заттар жасап, ою-өрнегі бар қақпалар дайындайды. Ол өндірісте ұлттық стилді қолданғанды жөн көреді.

Өңірге сапар аясында Тамара Дүйсенова ауылдық округ әкімдерімен кеңес өткізді. Онда ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру шаралары талқыланды. Президент Қазақстан халқына Жолдауында атаулы қолдау көрсетуге назар аударды. Отбасының цифрлық картасы деректері негізінде отбасылардың әл-ауқаты деңгейіне байланысты 5 санаты анықталды.

Дағдарыстық және шұғыл санаттағы отбасылармен жұмыс істеу үшін мемлекеттік қолдаудың неғұрлым оңтайлы шаралары пайдаланылуы тиіс. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Бір ауыл – бір өнім» тәсілін енгізу жоспары туралы баяндады. Оның мәні – жергілікті шикізаттан жоғары құнды өнім өндіру. Вице-премьер бұл бастамаға оң баға берді. Вице-премьер бастаманы оң бағалады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында тауарлық несиені пайдалануға назар аударды. Тамара Дүйсенова әкімдерді осы құралдарды белсенді пайдалануға шақырды.

Осы тұста тілге тиек етер мәселе, Түркістан облысында кедейшілік деңгейін төмендету, тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауына алынған. Өңірде инвестициялар тарту, жұмыссыздарды нәтижелі жұмыспен қамту, кәсіпкерлік қызметті дамыту, «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру, аз қамтылған отбасылардың табысын арттыру арқылы аз қамтылған азаматтар санын кемінде 15%-ға азайтуды қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүруде.

Шартты ақшалай көмек алушылардың жұмысқа қабілетті 34525 азаматы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде: тұрақты жұмыс орындарымен – 9562 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен – 611 адам, «Жастар практикасымен» – 106 адам, ақылы-қоғамдық жұмыс орындарымен – 1322 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 34 адам қамтылды. 106 адам кәсіпкер ретінде салық органдарында тіркеліп, өз ісін ашты.

Мемлекеттен бөлінген қаржыдан бөлек, облыста «Қамқорлық» бағдарламасы әзірленіп, іске асырылуда. Оның мақсаты – қайырымдылық қызметке демеушілерді тарту және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету. Табыстарын арттыру үшін 2023 жылы «Қамқорлық» бағдарламасы арқылы 993 отбасыға 292,7 миллион теңгеге демеушілік көмек көрсетілді. Биыл 635 отбасыға 94,8 миллион теңгеге көмек берілді. Сондай-ақ облыста әлеуметтік көмек көрсетудің нақтылығына және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге ерекше қөңіл бөлінуде.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың дұрыстығына мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, жол берілген бұзушылықтарды жою және заңсыз төленген қаражатты бюджетке қайтару бойынша шаралар қабылдануда. Сондай-ақ ақпараттық жүйе үнемі жетілдіріліп отырады. Бүгінгі таңда атаулы әлеуметтік көмекке үміткерлердің барлық дерлік табыстары ақпараттық жүйеде көрінеді. АӘК тағайындау процесін және тағайындау үшін қажетті құжаттар топтамасын оңтайландыру жүзеге асырылды.

2025 жылдан бастап АӘК тағайындаудың жаңа методикасын енгізу көзделген. Бұл жерде отбасылардың табыстарымен қатар шығыстары да есепке алынады. Еңбекке жарамсыз, мұқтаж азаматтарға ғана әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Түркістан облысында 2023 жылдың қорытындысымен атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 157,7 мың адамды (27 039 отбасы) немесе облыс халқынан үлесі 7,4%-ын құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 20,5 пайызға төмендеді (2022 жылы – 198,4 мың адам). Кедейлік деңгейінің төмендеуі атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамту шараларына тарту жөніндегі белсенді жұмыстың арқасында қамтамасыз етілді.

2024 жылдың 1 қыркүйегіне атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 89,2 мың адамды немесе облыс халқының 4,1%-ын құрады. 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 62,4 мың адамға немесе 41,2%-ға азайды. Атаулы әлеуметтік көмекті алушыларды жұмыспен қамту үлесі жыл сайын ұлғайып, 2024 жылдың 8 айында еңбекке жарамды 22,4 мың атаулы әлеуметтік көмек алушының 15,7 мыңы немесе 70,4% жұмыспен қамту шараларына тартылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде күнкөріс деңгейінен төмен тұратын халықтын үлесі 2020 жылдан бастап 4,3% төмендеп, 7,9%-ды құрады. 2024 жыдың соңына дейін кедейлік деңгейін 5,5% -ға дейін, ал АӘК алушылардың санын 26%-ға төмендету жоспарланып отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin