
2024 жылғы 28 наурыздағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 999 млрд теңгеге 73 161 несие берілген.
Ең көбі Астанада — 418,2 млрд теңге. Одан кейінгі орындарда 231,7 млрд теңгемен Алматы және 67,5 млрд теңгемен Шымкент тұр.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, Қазақстанның орнықтылық қорына + 7 (727) 227-20-25 нөміріне хабарласуға болады.
Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.