
Қазақстандық «Томирис» фильмі 27-ші «Лістапад» кинофестивалінде көрсетіледі.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы таратқан мәліметке сенсек, бүгін халықаралық Минск кинофестивалінің ашылу салтанаты өтеді.
«Лістапад» — Беларусьтегі кино саласының ең ірі фестивальдерінің бірі. Биыл фестиваль 26 қарашаға дейін жалғасады.
«Лістапад» фестивалінің конкурстық бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады: көркем фильмдер, деректі фильмдер, ұлттық байқау және «Лістападзік» балалар мен жасөспірімдер аудиториясына арналған фильмдер байқауы.
«ANYQ.KZ-ақпарат»